Ғылым

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы


ҒЗЖ және СҒЗЖ

«Ашық кеніштер мен тіліктердегі геомеханикалық үдірістерді басқару»

  • «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС;
  • «Шұбаркөл көмір» АҚ;
  • «Қазхром» ТНК АҚ;
  • «ССГПО» АҚ;
  • «Жайрем ТБК» АҚ;
  • «Васильковский ТБК» АҚ тау-кен байыту кәсіпорындарымен ҒЗЖ орындауға келісім-шарттар жасалды.

Келісім-шарттар бойынша кейінгі 5 жылда жалпы сомма 37,5 млн. тг.  құрады. Кафедраның 2005 жылдан бастап ғылыми зерттеулері 5 монография, әр түрлі баспалардағы 126 мақалаларда және ғылыми-практикалық конференциялардың баяндамаларында көрсетілді.

15 алдын ала патент және өнертабысқа авторлық куәліктер алынды.

Ғылыми зерттеулер базасында аспиранттармен, магистранттармен және ізденушілермен диссертациялар дайындау жүргізіледі. Кафедрада “Leica” (Gerbie азамат) швейцар фирмасының қазіргі заманғы геодезиялық аспаптарды көрсету бойынша Халықаралық семинар өткізілді.

Кафедра келесі конкурстарға қатысты:

А) Лот №48 – 2010ж. ынталы және тәуекел  ғылыми зерттеулерді орындау үшін гранттарды беру бойынша ғылыми жобаларды таңдау бойынша конкурс әдісімен мемлекеттік қызметтерді сатып алу, «Күрделі құрылысты кен орындарды өңдеу кезінде ашық кеніштер қияларының тұрақтылығын бағалау үшін математикалық моделдер мен бағдарламалық қамтамасыздандыру өңдеу» атты ғылыми-зерттеулік жоба (ғылыми  жетекші Низаметдинов Ф.К. – т.ғ.д., проф., МІ және Г каф. меңг.)

Б) «Бірінші Президент Фонды» ОФ гранттарын ізденуге терең және қолданбалы ғылыми зерттеулер өткізу үшін:

— сапарларға гранттар – Низаметдинов Н.Ф. – т.ғ.к., МІ және Г каф. оқыт.;

— «Ашық кеніштердегі геомеханикалық үрдістерді зерттеу» атты ғылыми-зерттеулік жоба – Низаметдинов Р.Ф. – т.ғ.к., МІ және Г каф. оқыт.;

В) Қарағанды облысының Жаңаарқа районындағы «Жалын» көмір разрезінде кемерлердің қиялары, жағдаулары мен қайырмаларының тұрақтылық жағдайын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеулік жұмыстарды (ҒЗЖ) орындаудың бағасын ұсынуды сұрау әдісімен сатып алуды өткізу.

2. МІ және Г кафедрасы Nyugat-magyarországi Egyetem (NymE) (Венгрия) қоса консорциумға кірді, Flexible Learning Environment in GeoInformatics (Геоинформатика мамандықтары бойынша білім берудің икемді ортасын өңдеу) тақырыбы бойынша Темпус 4 бағадарламасы шектерінде жобалық мәлімдеме өңдеді. Мәлімдеме 2010 жылдың 9 наурызында Еуропалық Комиссияның білім беру, аудио көзбен шолу құралдары және мәдениеті Агенттігіне берілді.

Конкурс нәтижелері 2010 жылдың қыркүйегінде белгілі болады.

Кафедрада бес ғылыми үйірме жұмыс істейді:

  • «Маркшейдерлік-геодезиялық аспаптар» (жетек. проф. Низаметдинов Ф.К.);
  • «Геоақпараттық жүйелер» (жетек. доц. Ожигин С.Г., асп. Оленюк С.П.);
  • «Ашық кенішятердің тұрақтылығы» (жетек. доц. Ожигина С.Б.);
  • «Маркшейдерлік-геодезиялық өлшеулерді автоматтандыру» (жетек.: доц. Ожигина С.Б., асп. Низаметдинов Н.Ф., аға оқыт. Толеубекова Ж.З.)
  • «Ғимараттар мен құрылыстардың деформациясын бақылау» (жетек.: аға оқыт. Хмырова Е.Н., аға оқыт. Бесимбаева О.Г.).

Екі үйірме «Маркшейдерлік-геодезиялық аспаптар» және «Маркшейдерлік-геодезиялық өлшеулерді автоматтандыру» мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері аспаптану, тау жыныстарының жылжуы, геодезиялық өлшеулерді автоматтандыру, геомеханика, тау-кен ісіндегі  геоақпараттық жүйелер пәндері бойынша  дипломдық жобаларды және курстық жобаларды орындау кезінде оқу үрдісінде қолданылады.

Студенттер кафедраның ғылыми-зерттеулік өміріне белсенді қатысады.

«Техника, технология және білімдегі инновация» ЖОО аралық студенттік конференцияда 2010ж. 49 баяндама дайындалды, соның ішінде үшеуі мақтау қағазымен марпатталды:

— I орын – Супрунова А. А. (ГиК-07-2) (ғыл. жетек. аға оқыт. Хмырова Е. Н.);

— II орын – Мусагулова С.С. (ГиК-07-1), Рязанова Г.В. (ГиК-06-2), Зулгарина Д.А. (ГиК-06-2) (ғыл. жетек. т.ғ.д., проф. Сәбденбекұлы Ө.);

III орын – Нурпиисова Ш. С. (ГиК-08-2), Ли Е.С. (ГиК-08-2) (ғыл. жетек. т.ғ.к. доц Мозер Д.В.).

Студенттік жұмыстардың үздік жұмысы Республикалық конкурсқа 17 жұмыс  дайындалды, оның ішінде тараулар бойынша:

— «Тау-кен ісі» – 7 жұмыс;

— «Геодезия және картография» – 8 жұмыс;

— «Тіршілік әрекетін қауіпсіздендіру және қоршаған ортаны қорғау» – 2 жұмыс.

Ұсынылған 17 жұмыстың екеуі ҚР БҒ Министрлігінің I және III дәрежелі Дипломдармен марапатталуға ұсынылған.

— I дәрежелі – «Жобалық контурдағы ашық кеніш жағдаулар тұрақтылығының параметрлерін дәлелдеу» тақырыбындағы ГД-07-4 топ студенттері Ожигин Д. С. және Ермакашева Н. Т.  жұмысы (ғыл. жетек. – т.ғ.д., проф. Низаметдинов Ф.К.);

— III дәрежелі – «Тау жыныстарының реологиялық қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы ГД-06-3 топ студенттері Долгоносова Е.В. және Панасенко Е.А.  жұмысы (ғыл. жетек. – т.ғ.к., доц. Ожигин  С.Г.);

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Фондының Республикалық конкурсында табиғи, техникалық және гуманитарлық  ғылымдар бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмысына үш жұмыс дайындалды:

-«Шұбаркөл разрезіндегі жағдау маңы және қайырма сілемдерінің жылжу үрдісін зерттеу» (автор –  ГД-07-4 топ студенті Ожигин Д.С., ғыл. жетек. – т.ғ.д., МІ және Г каф. проф. Низаметдинов Ф.К.);

-«Тау жыныстарының  берік мiнездемелерiнің есептеу мінездемелерінің негіздеу тәчілдерін жетілдіру» (автор – магистрант Нагибин А.А., ғылыми жетекші, МІжГ каф. т.ғ.к., доц. Ожигина С.Б.);

— «Торғай боксит  кенорынының сазды жыныстарының реологиялық қасиеттерiн зерттеу» (авторы – магистрант Долгоносова Е.В., Панасенко Е.А., науч. рук. – ғылыми жетекші, МІжГ каф. т.ғ.к., доц. Старостина О.В.).

Студенттер Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады:

— Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Қазақстанның  тау-металлургиялық  кешенiнiң көкейкестi мәселелерi (№1 Сағынов оқулары)», Қарағанды,  ҚарМТУ, 2009 ж.,  басылымға шықты: кафедра оқытушыларымен бірігіп магистрант Сакенова Д. Т. — 1 баяндама және магистранттар  Зулгарина Д. А., Сыздыков А. А. — 4 баяндама.

— Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Ғылым және білім – «Қазақстан-2030» стратегиясының жетекші факторы, Қарағанды, ҚарМТУ,, 2010 ж – кафедра оқытушыларымен бірігіп магистранттар Томилов А.Н., Карл А.1 баяндама басып шығарды;

— Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Геотехника, механика және транспорттық құрылыстарды салудың қазіргі мәселелері», т.ғ.д., профессор,  АҒХА академигі, топырақ пен фундаментсалу механикасы бойынша Халықаралық геотехникалық ассоциациясының (ISSMGE) және Қазақстан геотехникалық ассоциациясының мүшесі Е.А. Исахановтың 70 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық жұмыстарна арналған, Алматы, М. Тынышпаева атындағы Қаз АТжК, 2010 ж. – 1 баяндама —  магистрант Нагибин А.А.,  проф. Сәбденбекұлы Ө.,  аға оқытушы Жунусова Г.Е. бірігіп жазған.

ҒЗЖ бойынша кафедраның студенттері және магистранттары белсене қатысады:

— Ожигин Д.– 10.11.01, 09.11.02, 09.11.03,09.11.04 тақырыптар бойынша;

— Горохов Д. –10.11.01, 09.11.02, 09.11.03 темы бойынша;

— Ермакашева Н. –09.11.02, 09.11.04 тақырыптар бойынша;

— Валиулина  Л.– 09.11.04 тақырыптар бойынша;

— Нагибин А.  –09.11.04 тақырыптар бойынша;

— Васильева А.– 09.11.04 тақырыптар бойынша;

— Бесимбаев Н.– 09.11.02 тақырыптар бойынша;

— Ханнанов Р.– 09.11.02 тақырыптар бойынша.

Диссертацияларды қорғау

1) 2009 ж.  2 шілдеде  Р.Ф. Низаметдиновтың  «Анизатроптық ортада стационарлық кеніш қиябеттерінің тұрақтылығын жоғарлату және есептеу тәсілдерін жетілдіру» (ғылыми жетекші Цай Б.Н.) тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясы қорғалды.

2) 2009 ж. 17 қыркүйекте  Низаметдинов Н.Ф. «Ашық кеніш жағдаужаны шыңтастарының жағдайына маркшейдерлік бақылау тәсілдерін жетілдіру» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады (ғылыми жетекші Портнов В.С.).

3) 2009ж.  11 қарашада  Ким С.П. «Көмір кенорындарын қазудың көліксіз жүйелері кезінде кеніш қиябеттерінің тұрақтылығын макршейдерлік» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады (АҚ «Шұбаркөл көмір» вице президенті, МІжГ кафедрасының ізденушісі, ғылыми жетекші проф. Низаметдинов Ф.К.).

4) 2010 ж. 18 ақпанда  Долгоносов  В.Н.   «Ашық кеніш қиябеттерінің тұрақтылығын есептеудің аналитикалық тәсілдерін өңдеу» тақырыбы бойынша докторлық диссертацияны қорғады (ғылыми жетекші проф. Низаметдинов Ф.К., проф. Шпаков П.С.).

5) 2010 ж. 11 наурызда Мозер Д.В.  «Глобальдық спутниктік жүйелерді қолданып кеніш қиябеттерінің жағдайына маркшейдерлік бақылау тәсілдерін жетілдіру» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады (ғылыми жетекші проф. Низаметдинов Ф.К.).

6) 2010 ж. 1 сәуірде   Толеубекова Ж.З.  «Марганец кенорындарының тiке және жайпақ жатқан кен сiлемдерiнің құнсыздануын және жоғалымдарын зерттеу» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады (ғылыми жетекші проф. Низаметдинов Ф.К.).

7) 2010 ж. 17 маусымда  Ожигин С.Г.   «Қазақстан ашық кеніштерінде ашық кеніш жағдауы шыңтастарының тұрақтылығын басқару» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясы (ғылыми жетекші проф. Низаметдинов Ф.К., проф. Шпаков П.С.).

8) 2010 ж. 23 қыркүйекте Бесимбаева О.Г. «Күл үйінділерін қоршайтын дамбалардың тұрақтылығын болжау» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады  (ғылыми жетекші проф. Низаметдинов Ф.К.) .

9) 2010 ж. 29 қазанда  Оленюк С.П. «Заманауи сандық технологияларды пайдаланып қолданбалы маркшейдерлік есептерді шешудің тәсілдерін жетілдіру» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады (ғылыми жетекші проф. Низаметдинов Ф.К.) .

Қорғаулар 25.00.16- «Тау-кен өнеркәсiптiк және мұнайлы-газды геология, геофизика, маркшейдерлік іс және  жер қойнауларының геометриясы» мамандығы бойынша ҚарМТУ жанындағы Д. 14.61.05 диссертациялық кеңесте өтті (диссертациялық кеңестің төрағасы Низаметдинов Ф.К.).

Инновациялар бойынша есеп беру

30.11.2010 ж. ҒЗЖ 7  Халықаралық жобасының «Заявка» Қапталды бағдарламасына қатысу үшін сұраным дайындалды және жіберілді (орыс және ағылшын тілдерінде). «Жұмыс жасайтын аймақтарда жер қыртысының қозғалысын глобальдық навигациялық спутниктік жүйелер арқылы есептеу және бақылау тәсілдерін өңдеу» тақырыбы бойынша жобалау. ҒЗЖ құны шамамен – 150 мың евро. Жобаны өңдеушілер: МІжГ каф. меңгерушісі, д.т.н., профессор Низаметдинов Ф.К., МІжГ каф.  доценті, т.ғ.к. Мозер Д.В.)

2011 жылы сәуір айында ҚР білім және ғылым Министрлігінің және Бүкіл әлемдік банктың «Технологиялардың коммерциализациясы» атты конкурсқа екі жоба дайындалды:

— «Лазерлік және спутниктік жүйелерді пайдаланып пайдалы қазбалар кенорындарын өңдеу кезінде таукен шыңтастарының жағдайына мониторинг құру» (жобаның құны 65млн. теңге);

— «Қазақстан ашық кеніштерінің жағдаужаны шыңтастарының тұрақтылығын басқару» (жобаның құны 30 млн. теңге.)

Қарағанды технопаркінде бұл жобалардың презентациясы өткізілді.

2011 жылдың маусым айында 2012 «Ұлттық инновациялық  жүйе институтарының қызметін төлеу» бюджеттік бағдарламасының I кезеңі бойынша «Лазерлік және спутниктік жүйелерді пайдаланып пайдалы қазбалар кенорындарын өңдеу кезінде таукен шыңтастарының жағдайына мониторинг құру» атты жобаны жүзеге асыру үшін Сұраным  дайындалды.

Без рубрики