Цели, задачи, результаты

 «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымының мақсаттары, міндеттері және нәтижелері

Мақсаты: Балалар үйі, интернат, жетімхана және арнайы мекемелердің балаларына моральдық және психологиялық көмек көрсету.

Міндеті: Ата-ананың махаббаты мен қамқорлығынан айрылу нәтижесінде балаларда пайда болған психологиялық жарақатты ұмытуға көмектесу;

Баланың өзін-өзі бағалауды жақсартуға, ойдағыдай өсу мен дамуға, қалыпты өмірге бейімделуге көмектесу.

Ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамытып, балалардың таланттарын анықтап, оны жүзеге асыруға көмектесу;

Қоғамды жетімдердің мәселлеріне көңілін аударып, әр адамға әлеуметтік мұқтажда болған адамдарға көмектесуге мүмкіндік беру.

Нәтижелері: Қарағанды және Қарағанды облысының балаларға арналған әр түрлі мекемелермен тұрақты негізде жұмыс іске асырылады:

-жарым есті балалар мен дамуда мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған Қарағанды үй-интернаттарымен;

-«Асем» және «Таңшолпан» типтес бала үйлерімен;

-Сергеев баспанасы.

Әр апта сайын балалар үйіне тақырыптық барулар

Жетекшілік жасалған балалар үйлерін кеңсе жабдықтарымен, ойыншықтармен, киімдермен, спорт бұйымдармен тұрақты түрде қамтамасыз ету.

Мәдени және ойын-сауық шараларды ұйымдастыру: концерттер, балалар мерекелері, театр мен хайуанаттар бағына шығу, сапарлар мен спорттық жарыстар.

Балалар үйлерінде, сонымен қатар ҚарМТУ-да балалардың тілектері бойынша әр түрлі жастағы топтарға дамыту курстары ұйымдастырылған (компьютерлік, тілдік, қол шеберлігі) ұйымдастырылған.

2009 ж. қазан айынан бастап ақысыз Балалар газетін шығару, оны Балалар үйлеріне, интернаттарға және жетімханаларға тарату.

Қарағанды облысының Балалар құқықтарын қорғау Департаменті мен  «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» ұйымымен бірлескен рейдтар өткізіледі.

Әр жыл сайын  30 ауқатсыз отбасыларға көмек көрсету.

Бұқар-Жырау ауданының, Ботақара селосына 15 ауқатсыз отбасыларға сыйлармен қайырымдылық бару.

Біз балалар мекемелерінің жетекшілерінен алғыс хаттарына ие болдық.

Сені волонтерлардың қатарында тосамыз!!!

Бүгін өзін «Ақниет» волонтерлық қозғалыста өзін байқауға тілек білдіретіндерде мүмкіндік бар. Бұл үшін сенде тек ынта мен өзінді көрсету керек. Ол үшін тек ақша болу керек деп ойлау қате! Сен ойын, шығармашылық сабақтар, оқыту курстар, концерттер, спектакль мен мерекелер ұйымдастыруда өзінің күш-қуатынды жұмсай аласын.

Осының бәрін сен бүгін істей аласын!

Без рубрики