Тарихы

Жоғары математика кафедрасы 1953 жылы тау-кен институтының ашылуымен қалыптасты. Кафедраның тұңғыш меңгерушілері: физ. – мат. ғылымдарының кандидаттары, доценттер –  Ш.У. Канн; В.Н.Нам.

1955 – 1958 жылдар аралығында кафедрада А.А. Ермеков қызмет атқарды. 1932 – 1936 ж.ж. бастап ол қазақ математика терминологиясын құрды, қазақ тілінде тұңғыш рет жоғары математика пәнінен оқулық жазды, Қазақстанның тұңғыш математика профессоры болды.  1993 жылы ҚарПТИ бас корпусында А.А Ермековтың 100-жылдығы құрметіне арналып мемориал тақтасы ашылды, Қарағанды қаласында оның атымен көше атауы аталды.

Соңғы жылдары кафедра меңгерушілері: т.ғ.к., проф. З.С. Гриншпун (1961 – 1984 жж.), т.ғ.к., проф. С.С. Сағынтаев (1984 – 1986 жж., 1997 – 2004 жж.), т.ғ.д., проф. Е.И. Глузберг (1986 – 1992 жж.), т.ғ.д., проф. Х.Ж. Халманов (1992 – 1995 жж.), т.ғ. к., проф. Н.А. Әділбек (1995 – 1997 жж.), т.ғ.д., проф. С.К. Тутанов (2004 – 2017 жж.) болды. 2017 жылдың қазан айынан бастап кафедраны С.Ш. Қажыкенова басқарады.

1981 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Математик. Мұғалім» мамандығы бойынша бітірді.  2005 жылы Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылы Техника ғылымдарының докторы дәрежесіне кандидаттық диссертация қорғады.

«2011 жылдың жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының аккадемигі; 2012 жылдың Т.Мустафионнің степендиясының иегері.; Инновация, Технологиялар және Білім Беру бойынша Халықаралық Альянс Консультативтік кеңесінің мүшесі; «Алғыс хат», ҰТО-мен, Қазақстан Республикасы, 2012 ж., 2013 ж. 2014ж.; Өнертапқыштықты дамыту үшін қосқан үлесі үшін А.Нобель медалімен марапатталған, РЖА, 2014 ж.; Ғылыми-техникалық зерттеу облысының мемелекеттік степендия иегері, 2015 ж., IQAA аккредитациялық кеңес мүшесі.

«Жоғары математика» кафедрасының дамуы мен құрылуына басқарушылардың әрқайсысы өз үлестерін қосты: кафедраның көптеген оқытушылары математика пәнінің  оқытушысына қажетті кәсіптік қасиетті меңгеруге көмектескен З.С. Гриншпунды өздерінің ұстаздары деп санай алады. Кафедраны т.ғ.д., проф. Е.И. Глузберг басқарған кезеңдер ғылыми жұмыс, келісімшарт тақырыптарын орындау ғылыми зертхананы басқару тұрғысында ең жемісті болды. Оның тікелей жетекшілігімен оқытушылар – Л.Д. Казмина, С.Т. Исағұлов, А.В. Роганкова, К.М. Ахметов, А.В. Кошухарь, А.Н. Засульский «техника ғылымдарының кандидаты» атағына ізденуші диссертацияларын қорғады.

Кафедраның құрылу кезеңінен бастап 2 докторлық және 28 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қазіргі таңда кафедраның ПОҚ 67 % ғылыми дәрежелері бар және 5 оқытушы диссертация бойынша ғылыми жұмыстарын жалғастыруда.

Без рубрики