ОӘБ-ҚАРМТУ КЕҢЕСІНІҢ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ОНЛАЙН-ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


 

12 маусымда  ОӘБ-ҚарМТУ Кеңесінің 2019-2020 оқу жылындағы қорытынды Отырысы онлайн режимінде өтті, оған жетекшілік ететін бағыттар (білім беру бағдарламаларының топтары) бойынша ОӘБ-ҚарМТУ құрамына кіретін 12 ЖОО өкілдері қатысты.

ЖБТ басшысының орынбасары, ҚарМТУ стратегиялық даму жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Жетесова Г.С. өзінің құттықтау сөзінде ОӘБ отырысында қойылған мәселелердің өзектілігін атап өтті:

— жетекшілік ететін білім беру бағдарламалары бойынша сапалы «Оқыту нәтижелерін» қалыптастыру бойынша;

— «ҚР 2025 жылға дейінгі ересектерге үздіксіз білім беру тұжырымдамасы» жобасы бойынша»;

— көп деңгейлі білім беру үрдісінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөлігінде ОӘБ жұмысының тиімділігін арттыру және құзыретті студент орталықтанған оқытуды қалыптастыру бойынша.

Бекітілген кәсіби стандарттарды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жаңартуға қатысты қызу пікірталас өрбіді. ОӘБ-ҚарМТУ жетекшісі т.ғ.д., профессор Ю.Н. Пак өз сөзінде білім беру бағдарламаларын жаңарту және теңгерілген «Оқыту нәтижелерін» қалыптастырудың Жол картасын жүзеге асыру бойынша ОӘБ жұмысы аяқталатынын атап өтті. Бұған ҚР 7 жоғары оқу орнының өкілдерінен тұратын ОӘБ-ҚарМТУ Кеңесінің 11 мүшесі бар білім беру бағдарламаларын келісу бойынша Сараптамалық топтың аналитикалық жұмысы, қарқынды пікір алмасу, ұсыныстар мен ұсынымдарды жедел түзету ықпал етті.

В. Юрченко, А. Имашев, Н. Спатаев, В. Портнов ОӘБ-ҚарМТУ Кеңесімен ұсынылған «Механика және металл өңдеу» (Машина жасау), «Тау-кен ісі», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Стандарттау, сертификаттау және метрология» (салалар бойынша), «Геофизикалық инжиниринг және технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша «Оқыту нәтижелерін» ұсынды. Талқылауға Н. Айтжанов (Satbayev University), Ю. Пак (ҚарМТУ), А. Наукенова (Әуезов атындағы ОҚМУ), А. Бегімбетова (АЭжБУ), С. Цыганков (Тынышпаев атындағы ҚазККА), С. Құлнияз (Жұбанов атындағы АӨМУ) қатысты.

Осы мәселе бойынша шешім қабылданды: Барлық жетекшілік ететін білім беру бағдарламалары бойынша ұсынылған «Оқыту нәтижелері» шағын редакциялық түзетуді ескере отырып негізге алынсын.

Студентті орталықтанған оқытудың инновациялық технологияларын талдау ОӘБ-ҚарМТУ Кеңесінің отырысына қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Білім беру мазмұнына біліктілік талаптарын трансформациялау әдістемесі мен құзыреттілікті оқытуға баса назар аудара отырып, студентті орталықтандырып оқыту технологияларының тұжырымдамалық аспектілері тезистік түрде ұсынылды.

Ұсынылды: студентке бағдарланған дәлелді оқытушылық еңбекті қамтамасыз ету бағытында аталған мәселені зерттеуді жалғастыру.

Проф. Ю. Пак ұсынған «2025 жылға дейінгі ҚР ересектерге үздіксіз білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жобасының таныстырылуы толық мақұлданды. Қазіргі қоғамдағы үздіксіз білім берудің рөлі өзектендірілген, онда білім жасына, орнына, уақытына және басқа да жағдайларға қарамастан өмір бойы кәсіби, әлеуметтік және тұлғалық функцияларды орындайтын инновациялық қызметтің маңызды шарты ретінде қарастырылады.

Ұсынылды: «2025 жылға дейін ҚР ересектерге үздіксіз білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жобасын мақұлдау.

Ұсынылды: ҚР БҒМ ЖжЖОКБ Департаментінің тапсырмасы бойынша ОӘБ-ҚарМТУ және ОӘБ-ХАТУ бірлескен күш-жігерімен әзірленген Тұжырымдаманың осы Жобасын ҚР БҒМ-ге жіберу.

«ОӘБ-ҚарМТУ оқу-әдістемелік әдебиеттер басылымдарының перспективалық Тақырыптық жоспарын» қалыптастыру туралы ОӘБ-ҚарМТУ жетекшісі Ю. Пак сөз сөйледі. Бұл идеяның жетекшілік ететін дайындық бағыттары бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын ЖОО топтастырылған күш-жігері негізінде білім беру үдерісін қажетті әдебиетпен неғұрлым толық қамтамасыз ету қажеттігінен туындағаны атап өтілді. «ОӘБ -ҚарМТУ басылымдарының перспективалық Тақырыптық жоспары» қалыптастырылды. Онда 48 оқулық пен оқу құралдарының атауы бар, оның ішінде 8-і басқа жоғары оқу орындарымен (Satbayev University, С. Сейфуллин ат. ҚазАТУ, АЭжБУ, Торайғыров атындағы ПМУ, ШҚМТУ, ҚМИУ, ЕИТИ) бірлескен авторлықта.

Satbayev University, ОҚМУ, ҚазАТУ, АӨМУ өкілдерінің сөздерінде «ОӘБ-ҚарМТУ оқу-әдістемелік әдебиеттер басылымдарының перспективалық Тақырыптық жоспарын» қалыптастырудың өзектілігі атап өтілді.

Ұсынылды: Осы тәсілді мақұлдау және ОӘБ-ҚарМТУ құрамына кіретін жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының бірлескен авторлығымен әзірленген оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығаруды ұлғайтуға арналған шаралар қабылдау.

Жұмыс берушілердің, оның ішінде «Атамекен» ҰКП өңірлік орталықтарының өкілдерін арттыру бағытында ЖБТ-ОӘБ құрамын жаңарту туралы ақпарат ұсынылды. Осы құрамда түрлі кәсіпорындар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің 38 өкілі бар, бұл жоғары оқу орындары өкілдігінің 30%-ын құрайды. ҚазҰАУ, АӨМУ, ҚазАТУ және АЭжБУ атынан ОӘБ-ҚарМТУ Кеңесінің мүшелері білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту кезінде жұмыс берушілердің сұраныстарын барынша ескеруге мүмкіндік беретін мұндай тәсілді қолдады.

Ұсынылды: ОӘБ-ҚарМТУ жұмысына қатыспайтын ЖОО өкілдерін қоспағанда, жұмыс берушілердің үлкен өкілдігімен ЖБТ-ОӘБ-ның дербес құрамын тұрақты негізде жаңартып отыру.

Без рубрики