Ғылыми жұмыс


«Шет тілдер» кафедрасы



Кафедраның ғылыми қызығушылықтарының аясында техникалық оқу орындарында шет тілдерін заманға сай әдіспен оқыту мәселелері бар. Оқытушылар ұжымы: «Мәдениаралық қарым қатынас теориясы мен тәжірибесі аясында техникалық мамандықтың студенттеріне шет тілдерін инновациялық технологиямен оқыту» ғылыми тақырыпта жұмыс жасайды.

Шет тілдері кафедрасының ғылыми тақырыбы  келесі бағытта жүзеге асуда:

  1. Техникалық оқу орнында көптілді білімді енгізудің ғылыми педагогикалық негізі;
  2. Болон жүйесі аясында техникалық мамандықтың студенттеріне шет тілдерін оқыту:

2.1 CEFR сәйкестігімен үшбірлік тілдерін оқытудың ұлттық деңгейлік моделін жүзеге асыру;

2.2 Мәдениаралық қарым қатынас теориясы мәнмәтінінде тілдесуді модельдеу.

3.Шет тілдерін оқытуда ақпараттық технологияларды әзірлеу мен енгізу:

3.1 Техникалық мамандықтың студенттеріне шет тілдерін оқытудағы мультимедиалық құралдар;

3.2 Кәсіби-бағытталған шет тілінен сандық ресурстарды қолдану.

Кафедраның ғылыми — әдістемелік семинары:

Кафедрада лингводидактиканың, шет тілдерін заманға сай оқытудың әдістерінің, компьютерлік лингводидактиканың, шет тілдерін кәсіби-бағытта оқытудың маңызды мәселелерін талқылауға мақсатталған ғылыми — әдістемелік семинар жұмыс істейді. Семинарда келесі мәселелер қарастырылады:

  1. Кафедраның ғылыми — әдістемелік зерттеулерінің мәселелері.
  2. Сөйлеу әрекеті түрлеріне оқытудың коммуникативті әдістемелерінің мәселелері.
  3. Оқу процесінде шет тілдеріне оқытудың бағдарламалық амалдарын қолдануының ерекшеліктері.
  4. Көптілдік орта талабында техникалық саладағы болашақ мамандарды дайындаудың дидактикалық принциптері

Хирш индексі РИНЦ бойынша -ШТ кафедрасының меңгерушісі , п.ғ.н, доцент Джантасова Д.Д.

https://elibrary.ru/authors.asp

Хирш индексі  РИНЦ бойынша-  ШТ кафедрасының аға оқытушысы ф.м. Бейсханова С.А.

https://elibrary.ru/authors.asp

Хирш индексі РИНЦ бойынша  -ШТ кафедрасының аға оқытушысы Тоимбаева Б.М.

https://elibrary.ru/authors.asp

“Lingua Discovery” студенттік клубы:

“Lingua Discovery”студенттік ғылыми клубының жұмысында: студенттер кафедраның ғылыми бағыттағы мәселелерін қарастырады. «Lingua Discovery» студенттік клубының негізгі міндеттерістуденттердің ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылықтарын арттыру,  студенттерге ғылыми -техникалық әдебиетпен жұмыс жасауды үйрету (іздеу, саралау, талдау, жүйелендіру), шығармашылық ойлауды дамыту, өз қорытындыларын шығару, пікірталас  өткізу, шет тілінде кәсіби тақырыптарда көпшілік алдына шығу.

Студенттік ғылымдар клубынның 2018-2019 оқу жылдарының жоспары

Тілдік олимпиада

Магистранттар мен докторанттар арасында халықаралық практикалық конференция

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында «Шетел тілдері» кафедрасының ғылыми қызметі туралы есеп

2018 жылдың екінші жартыжылдығында «Шетел тілдері» кафедрасының ғылыми қызметі туралы есеп

Без рубрики