Ректордың кеңесшісі

IMG_0350Кропачев Петр Александрович – техника ғылымдарының кандидаты (2007), Қазақстандық геотехникалық қауымдастығының мүшесі.

Қарағанды политехникалық институтының инженерлік-құрылыс факультетін бітірді. Еңбек қызметін Қарағанды политехникалық институтының (қазір – ҚарМТУ) темір бетон конструкциялары кафедрасының ассистенті қызметінен бастады, құрылыс өндірісін ұйымдастыру және технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, доценті және меңгерушісі, ҚарМТУ-дың инженерлік-құрылыс факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2011 ж. шілде айынан бастап П.А. Кропачев ҚарМТУ ректорының кеңесшісі қызметін атқарады.

П.А. Кропачевтің ғылыми-педагогикалық қызметінің нәтижелері 75 ғылыми және оқу-әдістемелік әзірлемеде көрсетілген, олардың қатарында құрылыста қолданылатын 4 республикалық  нормативтік құжаттар және 2 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бар.

Қазақстандық көп салалы қайта құру және дамыту институтының құрылуына және табысты қызмет етуіне елеулі үлес қосты.

Кропачев П.А. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» омырау белгісімен (2009 ж.), ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамоталарымен (2003 ж., 2007 ж.). марапатталған.

Ғылыми еңбектер

 

Без рубрики