Түлектерінің ең алғашқы құжат


ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінде 2019 ж. маусым айының 28-нде сырттай және күндізгі оқу бөлімінің 23 түлегіне диплом берілді.Түлектер алдында  құттықтау сөзбен ҚарМТУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Алпысбаева Н. А. сөйледі . Өз сөзінде Назым Амангазиевна диплом алушыларды құттықтай келе, осы құжаттың жемісін көрулерін,қоғам өміріне өзіндік үлес қосуларын,білім алған ошақтарын ұмытпаулары жайлы айтып кетті. Колледж директоры Смагулова Н.А. түлектер мен олардың ата-аналарын құттықтап,алдағы өмірлеріне ерең жетістіктер мен жоғары белестерді алуларына тілектес екенін жеткізді. Сонымен қатар оқу жылының аяқталу қорытындысы бойынша колледж мұғалімдерінің еңбегін марапаттау қағаздарымен атап өтті .

Колледж студенттерінің белсенді тобы өздерінің шығармашылық қабілеттерін шағын концерт қойылымы арқылы паш етті . 

Колледж директоры    түлектерінің ең алғашқы  құжат алған тобына ақ жол тіледі.

Без рубрики