Оқу процесін ұйымдастыру департаментінің тарихы

Университеттің әрі қарай дамуына байланысты оқу процесін ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұжым қызметін күшейтудің және білім қызметінің сапасын көтерудің қажеттілігі пайда болды. 2002 жылы оқу- әдістемелік бөлім оқу- әдістемелік басқаруға (ОӘБ), 2010 жылы оқу- әдістемелік басқару т.ғ.д., профессор В.С.Портнов басқаратын оқу процесін ұйымдастыру Департаменті ретінде қайта құрылды.

ОПҰД қызметінің негізгі бағыттары болып: білім саласында болып тұратын процестердің анализі, оның даму тенденцияларын анықтау;мемлекеттік бәріне міндетті стандарттары бойынша мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларын жасау; кафедра штаттарын білікті профессорлық- оқытушылық кадрлармен қалыптастыруға қатысады; зертханалар мен кафедралардың жаңа электрондық тасымалдаушылармен, оқуға арналған автоматтандырылған жүйелермен жабдықталуын бақылайды; студенттер практикасын ұйымдастыру және басқару; оларды стипендиямен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; оқудың барлық формалары бойынша статистикалық мәліметтерін жинақтау, өңдеу және бақылау.
Оқу процесін ұйымдастыру Департаментінің ұжымы алдарында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындайды.

Оқу процесін ұйымдастыру Департаментінің құрамында – оқу- ұйымдастыру бөлімі, студенттік бөлім, студенттер оқуда қол жеткізген жетістіктерін, мониторингті, инновациялық технологияларды еңгізуді тіркеу бөлімі.

Біздің ЖОО және оның оқу процесін ұйымдастыру Департаменті ғылым, білім және мәдениеттің дамуына, Қазақстанның, әсіресе Орталық аймағының өнеркәсіптік және интеллектуалды әлуетінің құрылуына айтарлықтай әсер етті. ҚарМТУ- да орын алған инновациялық өзгерістер уақыт пен қоғам талаптарына қазір де лайық.

Без рубрики