Оқу процесі

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы



Кафедра  бакалавириат бойынша барлық мамандықтардың 1 курсы үшін «Қазақ тілі», 2-ші және 3-ші курстары үшін «Кәсіби қазақ тілі», магистратура үшін «Іскери қазақ тілі» пәндері бойынша практикалық сабақтар жүргізеді. Көптілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында кафедрада көптілді топтар үшін «Қазақ тілі» пәні бойынша курстар  ұйымдастырылған. Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және оқытудың жаңа технологиялық құралдары қолданылады.

Оқу процесінің ғылыми ұйымдастырылуының негізгі теориялық және практикалық аспектілері мына бағыттардан көрініс табады:

  • оқу процесін жоспарлау, орындау және тексеру;
  • оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
  • студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы;
  • сыртқы ортамен байланыс орнату және дамыту.

Ағымдағы бақылау ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Семестр бойында 2 аралық бақылау: 7-ші және 14-ші аптада.Қорытынды бақылау (емтихан) емтихан билеттері бойынша алынады.

 

Без рубрики