Материалтану және металдар технологиясы


Материалтану және металдар технологиясы: Оқулық / А.М. Ғазалиев, В.В. Егоров, А.З. Исағұлов, Д.К. Исин; ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциялығымен. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. – Қарағанды: ҚарМТУ, 2011. – 587 б. ISBN 978-601-296-087-7

Оқулыққа өнеркәсіптің әр саласында қолданыс тапқан конструкциялық материалдардың құрылысы, негізгі қасиеттері және темір-көміртекті қорытпаларды термиялық өңдеудің теориясы мен технологиясы баяндалған.

Металл негізіндегі материалдар мен дайындамаларды алудың технологиялық және физика-химиялық негіздері, осыларға сәйкес жабдықтар мен құралдар туралы мәліметтер келтірілген. Конструкциялық материалдардан белгілі пішінді және қажетті технологиялық параметрлері бар машиналар тетіктерін жасаудың үдемелі әдістері қарастырылған.

Оқулық техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Сонымен қатар магистранттарға, колледж оқытушылары мен оқушыларына пайдалы болады.

 

Без рубрики