Мамандықтар

Оқыту траекториясы – «Шақты және жер асты құрылысы»

Оқыту траекториясы – Пайдалы кен орындарын жер асты казу

Оқыту траекториясы – «ПКО ашық әдіспен қазып-өндіру»

Дайындық 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша күндізгі оқу арқылы жүзеге аса отырып, оқу мемлекеттік грант бойынша да, ақылы түрде де кредиттік технологиямен жүргізіліп, бакалаврлық деңгей тағайындалумен аяқталады.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазіргі заман талабына және халықаралық стандартқа сай бұрғылау, игеру, мұнай және газ кен орындарын өңдеу және қазып алу, мұнайгаз қоймаларын және мұнайгаз құбырларын жобалау, құрастыру, жөндеу және пайдалану мамандарын жоғарғы дәрежеде дайындау.
Студенттің таңдаған мамандығына байланысты, оның кәсіби нысаналары осылар: жер беті мен теңіз бетінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын өңдеу және пайдалану технологиялары; техникалық құрылғылар, ұңғымалардан өнімді алу және дайындау жабдықтары мен құрылғылары; мұнай және газ платформалары, оларды құрастырудың барлық кезеңдерін қамтамасыз ету; бұрғылау және пайдалану платформалары; көмірсутектерді тасымалдау жүйелері; желілі және кәсіпшілік құбырлары; сорғылы және компрессорлы станциялар; мұнай газ қоймалары мен мұнай базалары.

5B070800 – Мұнай газ ісі мамандығының бакалавры төменде көрсетілген кәсіптермен сәтті айналысса болады:
• өндірістік-технологиялық
• ғылыми-зерттеушілік
• ұйымдастырушылық-меңгерушілік
Міндетті түрде оқытылатын пәндер:
• Мұнай өндіру технологиясы мен техникасы
• Мұнай және газ геологиясы
• Мұнай және газ химиясы
• Мұнай-газ өндірісінің жабдығы
• Мұнай-газ саласында қоршаған ортаны қорғау
• Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
• Ұңғымаларды пайдалану және жөндеу
• Шельфтік кен орындарды игеру
• Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу
• Мұнай мен газдың қайраңды кен орындарын игеру

Түлектердің негізігі еңбек жұмыс орындары:
мұнайгаз табушы мекемелер, сервистік компаниялар, ғылыми-зерттеулік және жобалық институттар, ұңғымаларды толық жөндейтін, көмірсутектерді тасымалдайтын және сақтайтын мекемелер.

 

Без рубрики