Білім беру бағдарламалары


«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы

БІРНЕШЕ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША БАКАЛАВРЛАР МЕН МАГИСТРЛЕРДІ ДАЙЫНДАЙДЫ:

Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары:

  • 6b07206 «Маркшейдерлік іс»
  • 6b07302″Геодезия және картография»
  • 6b07303 «Сандық аэрофототүсірілім»

Магистратураның білім беру бағдарламалары:

  • 7м07305 «Жерді қашықтықтан зондтау»
  • 7м07205 «Маркшейдерлік іс»
  • 7м07301 «Геодезия»

B071 «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» білім беру бағдарламаларының тобы

6B07206 «Маркшейдерлік іс» білім беру бағдарламаласы   

BIM(сандық) технологиясының енгізілуімен тау кен жұмыстарының дұрыс жəне сапалы жүргізілуін жəне маркшейдерлік-геодезиялық бақылау жасай білетін мамандарды даярлау

Кəсіби қызмет саласы

Маркшейдерлік  іс  зерттелетін  объектілердің жоспарлары  мен  сызбаларын  құру  мақсатында, сондай-ақ тау-кен-геометриялық міндеттерді шешу үшін  тау-кен  кəсіпорындарының  құрылысы  кен орындарын  барлау  жəне  пайдалану  кезінде орындалатын жер бетінде жəне тау-кен қазбаларында өлшеуді қамтитын тау-кен ғылымының бөлімі болып табылады.

Маркшейдер  мамандарының  біліктілігі  елдің кез  келген  тау-кен  кəсіпорнында  кəсібі  бойынша бірден жұмыс істеуге мүмкіндік берді:

  • əр түрлі өңдеу жүйелері бар алтын өндіретін жерасты кеніші;
  • гидромониторларды қолдана отырып немесе драждық тəсілмен аршу тəсілімен ұсақ жынысты кен орындарын ашық игеру;
  • қиғаш, көлбеу немесе тік қабаттары бар көмір шахтасы;
  • карьерлік тəсілмен көмір, кен орындарын жəне басқа да пайдалы қазбаларды ашық игеру;
  • мұнай-газ кен орындарын игеру;
  • метрополитен жəне көліктік тау құрылысы.

Жоғарыда  аталған  өндірістерден  басқа, маркшейдер  маманы  барлық  аралас  геодезиялық

жəне тау-кен мамандықтарында жұмыс істей алады. Жəне  оған  жұмыс  істеуге  таңдау  мүмкіндігі  бар, мысалы,  геодезист  маманы  барлық  геодезиялық, құрылыс,  ғылыми,  оқу,  зерттеу  кəсіпорындарда немесе  тау-кен  инженері,  мастері,  тау-кен кəсіпорындарында жұмыс жасай алады.

Мамандардың кəсіби қызмет саласы қатты пайдалы қазбаларды пайдалану, өндіру жəне  қайта  өңдеу,  əртүрлі  мақсаттағы  жер  асты объектілерін  салу  жəне  пайдалану  кезінде  жер қойнауында адам қызметін инженерлік қамтамасыз ету.

Мамандардың кəсіби қызметінің объектілері:

  • өндірістік  объектілерді,  жабдықтарды  жəне оларды игерудің техникалық жүйелерін қоса алғанда, Жер қойнауы;
  • геотехнологиялар  мен  өндіруді,  қатты  пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді жəне жер асты кеңістігін ұтымды  пайдалануды  қауіпсіз  жəне  тиімді  іске асыруды қамтамасыз ету техникасы мен технологиялары

B074 «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары жəне азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламалары тобы

6B07302 «Геодезия және картография» білім беру бағдарламаласы     

Бейіндік пəндер: математика, физика

Жер беті жəне жер серіктік əдістермен картографиялық-геодезиялық ізденістерді жүзеге асыру үшін мамандар даярлау.

Кəсіби қызмет саласы

Бакалаврдың  кəсіби  қызметінің  саласы-экономиканың  барлық  салалары,  соның  ішінде

əскери-өнеркəсіптік  кешен,  азаматтық  жəне өнеркəсіптік  құрылыс,  жер  ресурстарын  басқару саласындағы мемлекеттік органдар жəне т. б. болып табылады.

Кәсіби қызмет объектілері

Бітірушілердің кəсіби қызметінің объектілері:

  • жер беті, мемлекеттік геодезиялық желілер жəне арнайы  мақсаттағы  желілер;
  • ғимараттар  мен құрылыстардың  құрылыс  алаңдары;
  • азаматтық тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар;
  • пайдалы қазбалар кен орындары;
  • жер учаскелері, қалалық аумақтар;
  • табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер.

Кəсіби қызмет пəндері

Кəсіби  қызмет  пəндері  геодезиялық, астрономиялық,  аэротүсірілім,  гравиметриялық, фотограмметриялық  жəне  картографиялық аспаптар  мен  жабдықтар;  карталар;  жерсеріктік геодезиялық  аппаратура,  геодезиялық  жəне картографиялық  бағдарламалық  өнімдер  болып табылады.

Кəсіби қызметінің типтік міндеттері

  • жалпы жер бетінің, жекелеген аумақтар мен жер беті  учаскелерінің  картографиялық  көрсетілуін топографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік геодезиялық желілер мен арнайы мақсаттағы  желілерді  құру,  дамыту  жəне  қайта құру;
  • жердің  фигурасы  мен  сыртқы  гравитациялық өрісін зерттеу;
  • түрлі масштабтағы топографиялық жəне арнайы түсірілімдердің барлық түрлері;
  • геодезиялық өлшеулерді математикалық өңдеу жəне геодезиялық желілерді теңестіру;
  • картографиялық өнімдерді жобалау, жасау жəне редакциялау бойынша жұмыстар кешенін жасау.

B075 «Кадастр жəне жерге орналастыр» білім беру бағдарламалары тобы

6B07303 «Сандық аэрофототүсірілім» білім беру бағдарламаласы       

Профильдік  пəндер: математика, география

Біздің  заманымыздың  негізгі  тенденциясы  —  дəстүрлі технологиялардан  сандық  технологияларға  көшу  болып табылады. Осылайша, аэрофотототүсірудің дəстүрлі əдістері ұшқышсыз ұшу аппараттарына орын береді. Соңғы уақытта ҰҰА  көп  көңіл  бөлінуде,  олар  адам  қызметінің  түрлі салаларында  қолданылады,  бұл  олардың  технологиялық дамуына оң əсерін тигізуде.

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖƏНЕ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ:

  • Кешенді кадастрлық жұмыстар;
  • Ауқымды бақылау жəне өзгерістерді қадағалау;
  • Сандық картография;
  • 3D жобалау.

ГЕОДЕЗИЯ:

  • Ортофотопландарды құру;
  • Топографиялық пландар жасау;
  • ЖБСМ жəне гипсометрия.

ҚҰРЫЛЫС:

  • Жоспарлау жəне жобалау;
  • Орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау;
  • Құрылыстың барлық кезеңдеріндегі тың ақпарат.

ТАУ-КЕН ІСІ:

  • Ашық кеніш беті туралы жаңа геометриялық деректер;
  • Сантиметрлік кеңістіктік кеңейтілімі бар жер бетінің сандық моделі;
  • Толық  алуды  бақылау,  өнім  көлемін  анықтау,  аршу жұмыстарының көлемін есепке алу, шығындарды анықтау, тау-кен  жұмыстарын  дамыту  жоспарларын  жасау,  борттар  мен  үйінділердің  тұрақты,  кеніш  жағдаулары  жай-күйіне мониторинг жүргізу.

МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫ:

  • Инфрақұрылымды зерттеу;
  • Түгендеу жəне жоспарлау;
  • Экологиялық мониторинг;
  • Жедел бақылау.

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

  • Талдау, қорғау жəне жоспарлау;
  • Жедел мониторинг;
  • Орман қорының жай-күйін картографиялау жəне бақылау.

ЭНЕРГЕТИКА:

  • ЭБЖ  жəне  энергетикалық  инфрақұрылымды зерттеу;
  • Жылу желілерінің ұшқышсыз мониторингі;
  • Апатты жағдайларды жою.

ҚарМТУ-дың  Маркшейдерлік  іс  жəне  геодезия кафедрасында БПЛА-ның белсенді дамуын ескере отырып, 2019 жылы жаңа «Сандық аэрофототүсірілім» БББ ашылды.

Оқыту  барысында  жас  бакалаврлар  аэротүсірілім, геодезиялық,  гравиметриялық,  фотограмметриялық  жəне картографиялық аспаптармен жəне жабдықтармен танысады.

Сонымен  қоса  спутниктік  геодезиялық  аппаратураны, геодезиялық жəне картографиялық бағдарламалық өнімдерді зерттеуге жеке назар аударылады.


7М07305 «Жерді қашықтықтан зондтау»модульдік білім беру бағдарламасы

ББ мақсаты:»іргелі зерттеулер кезінде ғарыштық технологияларды қолдана отырып, жер бетінің мониторингін жүзеге асыру үшін мамандар даярлау».

7М07305 «Жерді қашықтықтан зондтау» даярлау бағыты бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет саласы жер беті, оның қойнауы, ғарыш кеңістігінің объектілері туралы өлшемдік кеңістіктік ақпарат алу; жер бетінің немесе оның жекелеген аумақтарының жоспарлар мен карталарда бейнеленуі; жер бетіндегі және қоршаған ғарыш кеңістігіндегі объектілерді, құбылыстар мен процестерді координаттық — уақыттық байланыстыруды жүзеге асыру болып табылады. сандық модельдерін құру;; жалпы Қазақстан Республикасының аумағында да, оның жекелеген өңірлерінде де олардың инфрақұрылымын дамыту мақсатында геокеңістіктік деректерді жинау және тарату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

7М07305 «Жерді қашықтықтан зондтау» бағыты бойынша бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері: зондтау және геодезиялық жұмыстармен айналысатын ұйымдар; тау-кен құрылыс, тау-кен өндіру кәсіпорындары, геологиялық барлау ұйымдары, әртүрлі мақсаттағы құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар және пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеумен және жерасты кеңістігін пайдаланумен байланысты басқа да объектілер болып табылады

Жер беті, басқа денелер, аумақтар мен акваториялар, аумақтық және әкімшілік құрылымдар, жер бетіндегі және басқа планеталардағы жасанды және табиғи нысандар, сондай-ақ жер мен ғарыш кеңістігі, атмосфера, геодинамикалық құбылыстар мен процестер, Жердің физикалық өрістері кәсіби қызмет объектілері болып табылады.


7М07205 «Маркшейдерлік іс» білім беру бағдарламасы

ББ мақсаты: «маркшейдерия және геомеханика саласында геоақпараттық жүйелерді қолдану негізінде цифрлық технологияларды әзірлеу үшін мамандар даярлау».

Кәсіби қызмет саласы

Түлектердің кәсіби қызмет саласы тау-кен ғылымы және өндіріс саласы болып табылады, ол барлау кезінде орындалатын кеңістіктік-геометриялық өлшеулер әдістерінің, тәсілдері мен құралдарының жиынтығын қамтиды

кен орындарын игеру, тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу, пайдалану, жою (реконструкциялау, консервациялау).

Кәсіби қызмет объектілері

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: тау-кен-құрылыс, тау-кен өндіру кәсіпорындары, геологиялық барлау ұйымдары, әртүрлі мақсаттағы құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар және пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеумен және жер асты кеңістігін пайдаланумен байланысты басқа да объектілер болып табылады


 7М07301″Геодезия» білім беру бағдарламасы

ББ мақсаты: «іргелі геодезиялық зерттеулер кезінде ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін мамандар даярлау».

Осы модульдік білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші түлекке «техникалық ғылымдар магистрі»дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызмет саласы

Әскери-өнеркәсіптік кешенді, азаматтық және өнеркәсіптік құрылысты, Жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік органдарды және т. б. қоса алғанда, экономиканың барлық салалары түлектердің кәсіби қызмет саласы болып табылады.

Кәсіби қызмет объектілері

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: жер беті, мемлекеттік геодезиялық желілер және арнайы мақсаттағы желілер; ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдары; азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар; пайдалы қазбалардың кен орындары; жер учаскелері, қала аумақтары; табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер болып табылады.

Без рубрики