Кафедрасының меңгерушісі

Брейдо И.В.Өндірістік процестерді автоматтандыру кафдрасының меңгерушісі

Брейдо Иосиф Вульфович

РФ техникалық ғылымдар докторы (1997 ж.);
ҚР техникалық ғылымдар докторы (1998 ж.);
профессор (1999 ж.);
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2000 ж.);
ҚР Жаратылыс ғылымдары ұлттық академиясының академигі (2009 ж.).

Білім және ғылым саласындағы бақылау мен аттестаттау комитетінің физика мен энергетика бойынша сараптау кеңесінің мүшесі (Астана қ.), 2005 -2008жж.; АЭБИ жанындағы докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі (Алматы қ.), 1999-2005жж.; ҚР БҒМ жанындағы Оқулықтарды сараптау бойынша республикалық сараптау кеңесінің мүшесі (Астана қ.), (2008ж. бастап қазіргі уақытқа дейін); АЭБИ жанындағы электрэнергетикасы бойынша республикалық оқу-әдістемелік секциясының мүшесі (Алматы қ.), (2004ж. бастап қазіргі уақытқа дейін); ҚазМТУ жанындағы PhD диссертацияларын қорғау бойынша кеңесінің мүшесі (Алматы қ.).

Проф. Брейдо И.В. – «Синергия» халықаралық ғылыми-білім беру жобасының ҚарМТУ бойынша жетекшісі, онда Балтық мемлекеттік техникалық университеті «Военмех», Мәскеу энергетикалық институты (техникалық университет), Омбы мемлекеттік техникалық университеті, Севастополь ұлттық техникалық университеті және АТО компаниясы (Festo тобы, Австрия, Германия) қатысады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша ҚарМТУ атынан жауапкершілік атқарады.

Брейдо И.В. – «ДАААМ» Қазақстан бойынша автоматтандыру бойынша халықаралық ұйымының президенті, (штаб-пәтері Вена қаласында); «ДАААМ» халықаралық ғылыми ұйымының мүшесі.

2005ж. және 2012ж. «ЖОО ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері; 2009-2010жж. ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері; Қазақсан Республикасы ғылымын дамытқаны үшін Құрмет белгісімен марапатталған, ғылымның дамуына үлес қосқаны үшін «Замандас-2010» қалалық байқауының лауреаты.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

Меңгеруші биографиясы

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі