Кафедра тарихы

«Дизайн, сәулет және қолданбалы механика» кафедрасы Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша «Сәулет және дизайн» кафедрасы мен «Механика» бөлігін біріктіру арқылы қалыптасты.

«Сәулет және дизайн» кафедрасының тарихы.

14 жыл «Құрылыс өндiрiсiнiң технологиясы және сәулет» кафедрасының құрамында болды. 050420 Сәулет мамандығы Бакенов Б.Б. кафедра меңгерушiсiнің (1979-2001 жылдар) басқаруымен 1997 жылы ашылды.
«Сәулет» мамандығының құрылған мерзімінде «Құрылыс өндiрiсiнiң технологиясы және сәулет» кафедра меңгерушілері: Оразалы Е.Е. (2001-2003 жылдары, 2005-2007 жылдары, 2009-2010 жылдары), Эпов Г.К. (2003-2005 жылдары) Кропачев П.А. (2007-2008 ж).
«Сәулет» мамандығының ашылуына ат салысқан бiрiншi ұстаздар: профессор, т.ғ.д. Жакулин А.С., ҚР-ның Сәулетшiлер Одағының мүшесі, доцент Лебедев С.А., аға оқытушы Күлпейiсова Б.А., ҚР-ның Суретшiлер Одағының мүшесi Устянцева Л.И. және Рольян Т.Г., Суретшiлер Одағының мүшесi профессор Золотарева Л.Р.
Мамандықтың әртүрлi кезеңдерiне белгiлi сәулет шеберлері арасында Қазақстан республикасының сәулетшiлер одағының сәулетшi-мамандары — Мордвинцев С.И., сәулет кандидаты Э.Г. Меликов, құрметтi сәулетшi Жиенбаев К.Ж., А.Г.Мацынин, В.А.Хмелевскийдiң қарағанды облысының А.В.Титарев, сәулетшi А.Г.Бойково, Қарағанды қала бас сәулетшi Титарев А.В., сәулетші Бойков А.Г., Қарағанды қ. бас сәулетшiсi Даутбергенов С.Ф., Қарағанды облысының бас сәулетшiлері Джиембаев, Мацынин А.Г., Хмелевский В.А. және т.б.
1999 ж. кафедрасының оқытушыларының құрамына Өскемен сәулет мектебінің оқытушылары: Маштакова Е.К., Любченко М.В. кірді.
2011 ж. «Сәулет» және «Дизайн» циклдарының бірігуімен «Сәулет және дизайн» жаңа кафедрасы құрылды. Қазiргі уақытта «Сәулет және дизайн» кафедрасының меңгерушісі сәулет кандидаты Рева М.В. «Сәулет» және «Дизайн» циклдарының құрамында тәжірибелі мамандар және «Сәулет» мамандығы бойынша ҚарМТУ түлектері еңбек етуде.
Кафедрада «Сәулет», «Дизайн» циклдары бойынша арнайы аудиториялармен жабдықталған. СжД кафедра көрме залында «Сәулет» және «Дизайн» мамандық студенттерінің үздік жұмыстарымен әдiстемелiк қамтылған.
«Сәулет» мамандығының құрылуынан бастап ҚарМТУ-де профориентациялық жұмыстар табысты жүргізілуде және талапкерлерді сурет, композиция шығармашылық емтиханына дайындау ҚР СО мүшесі Лебедев С.А. және аға оқытушы Абдильдина Г.А. басқаруымен жүргізілуде.
«Сәулет» мамандығы бойынша бакалавр және мамандарды қоса Сәулет мамандығы бойынша 120 маман-сәулетшiлер бітіріп шықты. ҚарМТУ бiтiрген барлық сәулетші-студенттер Қарағанды қаласы және т.б. жерлерге жұмысқа орналастырылған және талап етілуде.

«Механика» кафедрасының тарихы.

«Механика» кафедрасы 2006 жылы 1 қаңтарда «Теориялық механика» және «Қолданбалы механика» кафедраларының қосылуы негізінде құрылды.

Материалдар кедергісі кафедрасында әр уақытта жұмыс істеген оқытушылар:Үмбеталин С.Ү., Лысенко Н.И., Абилов Е.Е., Аманов А.С., Сыздыков Қ.С., Колоколов Б.С., Югай К.М., Рахимбекова З.М.,   Баттақов С.Б., Винярский П.П., Тұрсынов А.Т., Түсіпбаев М.Д.,  Атаманов В.Ф., Козлов А.М., Тұтанов С.Қ., Борунов В.Л., Акбасов Е.Н., Рахимов З.Р., Шамбер Э.А., Боженова К.Б., Жетпісов Т.Х., Ералин А.Н., Жайшібеков Н.Ж., Шалабеков С.Р., Боженов А.Ш., Мұратшин Ф.Ф., Елмұратов С.К., Жадрасынов Н.Т., Панькевич С.И.

Теориялық механика кафедрасының бірінші меңгерушісі физико-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Кан Ш. У. (1962-1968, 1971-1975) болды. Ол біздің оқу орнына 1953 жылы қыркүйек айында алынған бірінші оқытушы болды. 1938 жылы Кан Ш.У. Ленинградтың мемлекеттік университетін бітірген, оның кандидаттық диссертациясы кометалардың біреунің қозғалысын есептеуге арналған. 1968-1971 жылдары кафедраны техникалық ғылымының докторы, профессор Боженов А.Ш. меңгерді. 1976 жылдан 2003 жылға дейін кафедраны ҚазССР–ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ешуткин Дмитрий Никитович, ҚарПТИ-ның (1964) түлегі, 1969 жылы техника ғылымының кандидаты, 1979 жылы техника ғылымының докторы, басқарды. 1987 жылы оған (авторлармен бірігіп) өндірістің кен шығаратын және құрылыс салаларында пайдаланатын соққы күшінің әсерінен жұмыс істейтін гидравликалық машиналардың теориясын және жасауды дамытқаны үшін ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық берілді. 2003 жылдан 2006 жылға дейін кафедраны т.ғ.к., доцент Қожахметова А.Қ., т.ғ.д., профессор Тутанов С.Қ., т.ғ.д., профессор Жадрасынов Н.Т. – тар басқарды.

Теориялық механика кафедрасында әркезде жұмыс істеген оқытушылар:  Христенко Б.Г., Чертыковцев В.В., Мендікенова М.П., Мендікенов Қ.К., Григорчак В.С., Гогричиани Д.Г., Гейер Э.Н., Рысқұлов Қ.Р., Оразов Қ.О., Романенко З.А., Николаев Ю.А., Чжен А.Я.,  Тен В.К., Тен В.Р., Тен Г.С., Кобылянский В.Л., Исаев В.Л., Русаков Г.Д., Тұрсынов Қ.А., Ақашев Е.У., Ковтуненко В.В., Гофман Э.В., Мекк В.А.,  Елмұратова А.Ф., Смағұлов З.М., Қаржаспаев А.А., Кремер Ф.Ф., Пивень Г.Г., Смирнов Ю.М., Тұтанов С.Қ., Тұякбаев Ш., Тайманова Г.К., Палев П.П.

Кафедраның құрылғанынан бері 23 ғылым кандидаты, 6 ғылым докторлары (Ешуткин Д.Н., Палев П.П., Боженов А.Ш., Смирнов Ю.М., Жадрасынов Н.Т., Бакиров Ж.Б.) дайындалып шығарылды.

1998 жылы кафедра негізінде Қазақстан Республикасында бірінші рет 205240 – «Машиналардың динамикасы мен беріктігі» мамандығы ашылды.  Кафедраның негізгі ғылыми бағыты деформацияланатын қатты дене механикасы және машиналар динамикасы бойынша зерттеулер болып табылады және кейінгі жылдары осы бағытта 6 кандидиттық диссертация қорғалды. Кафедра жылдан жылға өзінің ғылыми байланыстары мен практикалық базаларын кеңейтуде: НГТУ (Новосибирск қ.), ВКГУ (Өскемен қ.), Букетов Е.А. атындағы  ҚарМУ-ің механика кафедрасы, ҚазҰТУ (Алматы қ.), ПМУ (Павлодар қ.), ТООНАН-ЛТД (Қарағанды қ.), ОАО Миттл Стил (Теміртау қ.), Қаргормаш (Қарағанды қ.), түрлі-түсті металл өңдейтін завод (Балқаш қ.).  Кафедраның лабораторияларында (I-100, I-132А) қазіргі уақытта сәйкес сынайтын құрал-жабдықтар (МИ-40У, СМ-1) орнатылған, кафедрада компьютерлік класс (I-102) құрылған. I-115 аудиториясында аудио- видеотехника пайдаланып сабақ өткізетін арнаулы класс құрылды.

«Қолданбалы механика» циклында жалпы кәсіби және базалық пәндерден  оқытылу жүргізіледі: теориялық механика, материалдар кедергісі, машиналар мен механизмдер теориясы, механика, қолданбалы механика, инженерлік механика – 1,  телекоммуникациялық жүйелердің механикалық есеп.