Кафедра тарихы


«Қазақстан тарихы» кафедрасы

Кафедраның қалыптасу тарихы ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастау алады. 1960 жылы Қарағанды политехникалық институтында «КОКП тарихы» дербес кафедрасы құрылды.

Құрылған құрылымдық бөлімше ұжымының бірінші жетекшілігін профессор, тарих ғылымдарының докторы Д.А. Шаймуханов 1963 жылға дейін атқарды. 1965-1974 жж. кафедра іс жүзінде ЖОО мен аймақтың идеологиялық іргетасы болып табылды. 1963-64 жылдары кафедраны тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қ. Құлыбеков басқарды. 1974 жылдан 1997 жылға дейін кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Ж. Жұмасұлтанов болды. Осы кезеңде кафедраның қалыптасуына М.Х. Мурсалимова, О.А. Медеубаев, М.Ж. Сүлейменова, С.Д. Шаймуханова және т. б. ғалымдар үлкен рөл атқарды.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында КОКП тарихы кафедрасы саяси тарих кафедрасы, ал 1992 жылы Қазақстан тарихы кафедрасы болып қайта құрылды.

1997 жылы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының құрамында «Қазақстан тарихы» секциясы жұмыс істеді. 2008 жылдың қыркүйек айында ҚарМТУ Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде «Қазақстан тарихы» кафедрасы қайтадан дербес кафедра болып құрылды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Н. Қ. Смағұлов болды. Кейінгі жылдары кафедра меңгерушілері т.ғ.д., профессор Козина, ф.ғ.к., доцент Нугман Б.Г., п.ғ.к. аға оқытушы Огольцова Е. Г., т.ғ.к., доцент Қасымова С.С., фс.ғ.к. аға оқытушы Сағатова А.С. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны аға оқытушы г.ғ.м. Тлеугабылова К. С. басқарады.

Кафедраның дәстүрін отандық тарих ғылымының дамуына үлес қосып жүрген ф.ғ.к., доцент Даниярова А.Е., ф.ғ.к. доцент Нугман Б.Г., п.ғ.к. доцент Касимова С.С., т.ғ.к. аға оқытушы Амерханова Ж.Б., п.ғ.м. аға оқытушы Ошанов Н.З., г.ғ.м., аға оқытушы Теміржанова Ш.М., т.ғ.м., оқытушы Жақыпқанова Л.Б.  жетекші оқытушылар жалғастыруда.

Без рубрики