Кафедра тарихы

«Энергетикалық жүйелер» кафедрасы


ҚарМТУ-да 1990 жылдан бастап электрмен жабдықтау мамандығы бойынша инженер-мамандарды (210440 «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)» мамандығы ) энергетика кафедрасы дайындайды (2008 жылға дейін электрмен жабдықтау және электротехника кафедрасы). 2004 жылдан бастап кафедра 050718 – «Электроэнергетика» және 2005 жылдан бастап 050717 – «Жылуэнергетика» мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындай бастады.

Орталық Қазақстанның тау-кен өндірісінің құрылу жылдары инженер кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, 1956 жылы «Тау-кен механикасы» кафедрасы ұйымдастырылды, оның ең алғашқы меңгерушісі т.ғ.к., доцент И. К. Хрусталев (1956 — 1957 жж.) болды. 1957- 1960 жылдар аралығында кафедраны т.ғ.к., доцент  О. В. Хорошев басқарды. 1960 жылы меңгеруші орнын т.ғ.д., проф.  Б. Г. Климов алды, ол кафедраны 1988 жылға дейін табысты басқарды.

Жаңа шахталар мен карьерлердің ашылуы тау-кен электр энергетикасы мамандарын өндіруге қажеттілік тудырды, соған байланысты  1958 жылы  т.ғ.к., доцент Р. В. Козлов (1958-1968жж.) басқарған «Жалпы және тау-кен электротехникасы» кафедрасы құрылды. 1968 жылы ол «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» (кафедра меңгерушісі т.ғ.к.,доц., Р. В. Козлов — 1968-1974жж., одан кейін 1975-1980 жылдар аралығында  — доц. П.П. Каменский) және «Электротехниканың теориялық негіздері» (кафедра меңгерушісі  т.ғ.к.,доц., А. Е. Яковлев — 1968-1979жж.) кафедраларының құрылуына негіз болды.

1979 жылдан бастап «Электротехниканың теориялық негіздері» кафедрасын проф., т.ғ.д.,  Ю.П. Галишников басқарды, ал 1980 жылдан бастап кафедрақайта ұйымдастырылып, электротехника кафедрасы аталды. Кафедраға электротехника, электротехниканың, электр мешиналарының және электрониканың теориялық негіздерін оқыту міндеті жүктелді, бұл инженерлерді дайындау кезінде сапалы білімді қамтамасыз етуде айтарлықтай рөл атқарды. Әр түрлі жылдарда электротехника кафедрасын басқарғандар: т.ғ.к., доц., В.С. Моисеев (1984-1986 жж.), т.ғ.к., доц., А.Ф. Фазылов (1986 — 1989 жж.), электротехника доценті, х.ғ.к. Е.Г. Надиров (1989-1997 жж.) – Қарағанды тау-кен институтының алғашқы оқытушыларының бірі.

1980 жылы электрмеханиктерді инженерлі дайындауды қамтамасыз ету үшін «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасын «Тау-кен механикасы» кафедрасымен біріктірді, Б.Г. Климовтың басқаруымен ол Тау-кен электромеханика кафедрасы деп аталды. 1988-1994 жж. Кафедраны т.ғ.д., проф.,  А. Н. Шпиганович басқарды. Аумақтың және толығымен Қазақстанның өндірісінің дамуы  инженер-электрик мамандарын дайындауды талап етеді. 1990 жылы ҚПТИ-да «Электрмен жабдықтау» мамандығы ашылғаннан кейін 1991 жылы оны Электрмен жабдықтау кафедрасы деп өзгертті. 1994-1997 жж. кафедраны доц., т.ғ.к. М. Л. Каракулин басқарды.

1956 жылдан бастап кафедра 2500-ден астам тау-кен инженер-электромеханиктерін, инженер электриктер мен тау-кен инженер-электриктерін дайындады.

Оқу үрдісін жетілдіру мақсатында университеттің барлық мамандықтары бойынша жұмыстық оқу жоспарлары унифицирленді де, 1997 жылы «Электрмен жабдықтау» және «Электротехника» кафедралары біріктірілді, ал жаңадан құрылған кафедра «Электрмен жабдықтау және электротехника»  деп аталды, және осы жылдан бастап, оны т.ғ.д., Қазақстан Республикасының білім беруінің құрметті қызметкері  Б.А. Жаутиков басқарды. 1997 жылы  Б.А. Жаутиковтың басқаруымен   ең алғаш   «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша қазақ тілінде оқытылатын студенттерді қабылдау жүргізілді.

2001 жылы кафедрада жаңа «Ауыл шаруашылық өндірісті электрофикациялау және автоматтау» мамандығы ашылды, ал энергетикалық жүйелерді зерттеу, жетілдіру, жобалаумен айналысатын мамандарды дайындау үшін кафедрада   6N050718 – «Электроэнергетика» мамандығы бойынша магистратура ашылды.

Кафедра мемлекеттік лицензияға ие болды:

— тау-кен-шахталық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, аппаратура мен бақылау жүйелерін, аварияға қарсы қорғаныс пен сигнализацияны монтаждау және жөндеу бойынша;

— электр жабдықтары мен 10 кВ-ға дейінгі электр желілерін жобалау, дайындау, монтаж жасау, қалпына келтіру, сынау және техникалық қамтамасыздандыру;

— Шахталар мен кен орындарындағы суды кетіру қондырғыларының электр жабдықтарын тексеру, қалпына келтіру, жөндеу, және сынау.

Тау-кен өндіру комплекстерінің өнімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін  кафедра ұжымы  тау-кен кәсіпорындарындағы электромеханикалық жабдықтарды тексеру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, жыл сайын 2млн.тг- ден астам көлемді шаруашылық келісімшарттарын орындайды, (жетекші Жаутиков Б.А.), шахталық және карьерлік пневмокөтергіш қондырғыларды құру бойынша ғылыми жұмыстар жүргізіледі, (жетекші Николаев Ю.А.), ВШ бойынша ҒЗЖ, сонымен қатар оқу үрдісіне орыс және қазақ тілдерінде жаңа пәндер енгізіледі, жаңа зертханалар құрылады. Кафедра алғаш болып ақпараттау облысындағы өндіріс талаптарына көңіл аударды, компьютерлік класстар құрды және оқу үрдісіне компьютерлік технологиялар мен қосымша бағдарламалардың заманауи пакетін енгізді. Кафедрада бакалаврларды дайындаудағы  кредиттік жүйе сәтті енгізілуде.

2005 жылы жылу энергетикалық өндірісте мамандардың қажеттілігі артуына байланысты, кафедра «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындай бастайды.

Кафедраның зертханалық базасы электроэнергетикалық жүйелерді моделдеу және дистанционды басқаруға мүмкіндік беретін электротехникалық комплекстермен жаңартылған, оқу үрдісіне заманауи талаптарға сай келетін,  мамандарды сапалы дайындауда ұсынылатын мультимедиялық жүйелер енгізілген.

2008 жылы кафедра меңгерушісі ретінде электротехника доценті,  т.ғ.к. Г.Г. Таткеева бекітілді де,  мамандарды дайындау профилін ескере отырып, кафедра энергетика кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедрада 10 оқу зертханасы және 3 компьютерлік класс жұмыс істейді. Нақты стендтарда студенттер 100-ден астам зертханалық жұмыстарды атқарады.  Кафедра зертханаларында университеттің барлық мамандықтары дерлік  электротехника, ТЭЦ, ТОЭ, электрмен жабдықтау пәндері бойынша оқытылады.

2010 жылы  кафедра екідипломды білім алу бағдарламасы бойынша магистрларды дайындауға Томск политехникалық университетімен келісім-шартқа отырды.

Сонымен қатар 2010 жылы кафедраның 5В071700 «Жылуэнергетика» және 5В071800 «Электроэнергетика» мамандықтары Қазақстанның 2010 жылғы ең үздік ЖОО-ң Бас рейтингінде 2 және 3 орындарға ие болды.

 

 

Без рубрики