ҚарМТУ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ МЕН ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

ШЫҰ Университетінің тұжырымдамасы
ШЫҰУ Негізгі (бас) ЖОО-сының байланыс мәліметтері
ШЫҰ Университетінің Моделі
ШЫҰ Университетінде оқу үлгісі
ШЫҰ Университетін басқару жүйесі
ШЫҰ Университетінің жұмыс істеудің қаржылық негіздері
ШЫҰ Университетін құрудың негізгі кезеңдері
ШЫҰУ БАС (НЕГІЗГІ) ЖОО-ЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
ҚарМТУ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ МЕН ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
ЭНЕРГЕТИКА КАФЕДРАСЫ

Өндірістік экология мен химия кафедрасы 1995 жылы құрылды. Кафедра құрудың алғышарты экологиялық білім, сонымен қатар инженерлік кадрлар мәселелеріне назар аударту және тіршілік әрекетінің әр түрлі салалары мен өндірісте рационалды табиғат пайдаланушылық пен қоршаған орта қорғау мәселелерін шешуге қабілетті білікті инженер-экологтардағы өсіп келе жатқан қажеттілік. Сонымен қатар кафедраның құрылымына 1995 жылға дейін ҚарМТУ-дың тәуелсіз бөлімшесі болған химия кафедрасы кірді. Өндірістік экология мен химия кафедрасының бірінші меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты, ҚарМТУ профессоры, кафедраны  1995 -1997 жылдар аралығында басқарған  Юрий Дмитриевич Обухов болды. 1996 жылы ол геоэкологиялық факультеттің деканы болып тағайындалып, ал 2004 жылы қайтадан өндірістік экология және химия қафедрасын қайта басқарды. 2000 – 2004 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, доцент Оралова Айгүл Тұрабайқызы болды.

Қазіргі кезде кафедрада профессорлық-оқытушы құрамының  26 адам жұмыс істейді: профессор Обухов Ю.Д. (1963ж.), доценттер Тұрсынов М.Ж. (1965ж.), Оралова А.Т. (1996 ж.), Нагуман П.Н. (2001ж.), Такибаева А.Т. (2007ж.), Көкжалова Б.З. (2009ж), Исабаева М.Б. (2007ж.), Омарова Н.К. (2001ж.), Әкімбекова Б.Б (2005ж.), Шерембаева Р.Т. (2004ж.), химия ғылымдарының докторы Ибраев М.К. (2007ж), Налибаев Т.Н. (2000ж.бастап), аға оқытушылары Жакупова А.С. (1965ж.), Малыбаева М.К.(1976ж.), Диканбаев Ж.А (1996ж.), Цой Н.К. (1998ж.),. Хожина Ж.Х (1987ж.),. Қабылбекова Г.К (2002ж.), Кеңесбаева А.М. (2002ж.), оқытушы Бакланова Е.Н. (2003ж.), ассистент Безноско Н.В.(2002ж.), сонымен қатар оқу-қосымша қызметкерлер құрамының  5 адамы. 28 адамнан ПОҚ, ң ғылым докторлары және 12 ғылым кандидаттары. Көбісі ҚарМТУ бітірушілері болып табылады.

Қазіргі кезде өндірістік экология мен химия кафедрасы студенттерді келес мамандықтар бойынша дайындайды: 170340 – «Қолданбалы экология (сала бойынша)», 240540 – «Пайдалы қазбалардың байытуы», 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен  қоршағанортаны қорғау», 050709 – «Металлургия». «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы ұзақ мерзімнен кейін 2001 жылы ашылды, ал инженер-экологтарды кафедра 1993 жылдан бастап дайындайды.

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен  қоршағанортаны қорғау» және «Металлургия» мамандықтар  2004 жылы ашылды. Кафедра барлық мамандықтарға екі негізгі курс жүргізеді: химия және экология, сонымен қатар болашақ маман-инженерлердің және бакалаврлардың жұмыстары мен диплом жобаларының «Өндірістік экология» бөлімін орындау бойынша консультация өткізеді.

Ең алдымен кафедра оқытушылары университет студенттерінің экологиялық білім мен тәрбиелеу бойынша жұмыс өткізеді. Академиялық топтардың кураторларының студенттер арасындағы тәрбиелеік жұмыс та назарсыз қалмайды. Кафедраның пайда болу кезінен экология сұрақтары бойынша оқулықтар, электрондық оқулықтар, өмір қауіпсіздік негіздері мен кафедрада оқылатын пәндер бойынша силлабустар мен әдістемелік нұсқаулар дайындалған.

Әр жыл сайын студенттердің қатысуымен  10…20 және одан көп ғылыми жұмыстар жарияланады. Кафедра оқытушылары жиі әр түрлі халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда қатысады. Студенттік ғылымға да көңіл аударылады: кафедрада алты студенттік топтар жұмыс істейді; студенттер ҚарМТУ және қаланың және республиканың басқа ЖОО-ларында экология тақырыбы бойынша өткізілетін көптеген ғылыми конференцияларына қатысады, бұл  жыл сайын 10…12 баяндамалар жариялауында көрсетілген;әр жыл сайын студенттер ЖОО студенттер арасындағы ең үздік экологиялық жұмыс ҚР білім және Ғылым Министрлігінің Республикалық конкурсына қатысып, құрмет қағазы мен дипломдарға ие болады. Кафедра ғылыми қызметінің негізгі бағыты:

 

 

  • Өндірістік кәсіпорындарының ақаба суларын тазалау;
  • Қазастан Республикасының қоршаған ортаны бақылау;
  • Тазалауға әрбір қосымша энергетика жұмсаусыз әртүрлі өндірістік кәсіпорындарында стационарлық қорлардан шаң тасталындысын азайту;
  • Транспортировка кезінде бір конвейерден екінші конвейерге сусымалы материалдардың тасымалдау қондырғыларын шаңсыздану;

Жоғарыда айтылып кеткен тақырыптарға Қазақстан Республикасының авторлық куәліктері мен предпатенттері алынған.. Кафедра оқытушылары қысқаша мәлімет ҚарМТУ сайтында орналасқан: http://www.kstu.kz/.

ӨЭ және Х кафедрасының меңгерушісі   Көкжалова Б.З.
Электрондық адрес:  http://www.kstu.kz/gef/PEiX/history.html

 

Без рубрики