Кафедра меңгерушісінің түйіндемесі


Лихачев Владимир Викторович, техника ғылымының кандидаты(2010). 1989 жылы Карағанды көп салалы техникалық институтын «Тау-кен жұмысын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша бітіріп, «тау-кен инженер–электрик» маманы атағын алып шықты.

1989 жылдың желтоқcан айында КарПТИ-дің  аспирантурасының күндізгі бөліміне түсіп, 1991 жылдың маусымында КарПТИ-дің «Тау-кен электромеханика» кафедрасының ассистенті болып жұмысқа тұрды.

1992 жылдың қырқүйегінен Лихачев В.В. «Электрмен жабдықтау» кафедрасының  аға оқытушы қызметіне ауыстырылды (26.09.2008 жылдан «Энергетика»кафедрасы деп аталады). 2000 жылдың ақпанынан 2010 жылдары факультет  деканының орынбасары міндетін атқарды. 2010 жылдың ақпанынан  2010 жылдың қыркүйегінен КарГТУ-дің техникалық лицейінде директор міндетін атқарды. 2010 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың маусымы аралығында Телекоммуникация, энергетика и автоматика институтының директор міндетін атқарды. 2011 жылдың маусымынан бастап Информатика кафедрасының меңгерушісі болып істейді.

2010жылдың қыркүйегінде техника ғылымы кандидатының ғылыми дәрежесiн iздену диссертациясын қорғады. 1994 жылдан Лихачев В.В.

«Богатырь Аксес Комир ЖШС шахталарында тұрақты жабдықтың жұмыс тәртiптерiн әбден жетiлдiруi және жөндеу, тексеру» тақырыбы бойынша шаруашылық келiсiм жұмыстарында жауапты орындаушы ретiнде белсене қатысады. Лихачев В.В. ғылыми жұмыстармен белсенді айналасады.

Қазіргі кезде шахтаның көтергiш қондырғыларының ұзақ уақытқа жарамдылығын және сенiмдiлiгін жоғарылату әдiстерiн пайдалану процессiн  өңдеуге қатысып жүр. Халықаралық және Республикалық конференцияларға механика және энергетикаға  байланысты инновациялық өңдеулерге арналған  баяндамаларымен қатысады, жұмыстары үнемi жарияланады. Зерттеулер нәтижелері бойынша 30 ғылыми жұмыстары жарық көрген, Қазақстан Респуликасының 2 инновациялық патентіне ие болып отыр.

Университетте жұмыс iстеген уақытта студенттердiң арасындағы тәрбие жұмысымен оқу-әдiстемелiк жұмысты ұштастыра отырып, өзiн сауатты, ынталы және атқарушы маман ретінде көрсете бiлдi. Оның «Информатика»,

«Электроэнергетикадағы ауыспалы процестер», «Конструкция және ЭЖТ механикалық есептеу », «Құрал-жабдықтар сенімділігі» пәндері бойынша дәрiстердiң циклдерi дайындалған және оқылады.

Ғылыми еңбек тізімі

Без рубрики