ЭНЕРГЕТИКА КАФЕДРАСЫ

ШЫҰ Университетінің тұжырымдамасы
ШЫҰУ Негізгі (бас) ЖОО-сының байланыс мәліметтері
ШЫҰ Университетінің Моделі
ШЫҰ Университетінде оқу үлгісі
ШЫҰ Университетін басқару жүйесі
ШЫҰ Университетінің жұмыс істеудің қаржылық негіздері
ШЫҰ Университетін құрудың негізгі кезеңдері
ШЫҰУ БАС (НЕГІЗГІ) ЖОО-ЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
ҚарМТУ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ МЕН ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
ЭНЕРГЕТИКА КАФЕДРАСЫ

 

Электр энергиясымен қамсыздандыру бойынша инженер-мамандарды (мамамндық- 210440 сала бойынша электр энергиясымен қамсыздандыру) ҚарМТУ-да 1990 жылдан бастап Энергетика кафедрасы дайындай бастады. 2004 жылдан бастап кафедра 050718  – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша, ал 2005 жылдан 050717 – «Жылу энергетикасы» бойынша дайындай бастады.

Орталық Қазақстанның тау-кен өндірістің орнатылу жылдары инженерлік кадрларда қажеттілікті еспеке алып,  1956 жылы «Тау-кен механика» кафедрасы құрылды, оның бірінші меңгерушісі доцент, т.ғ.к. И.К. Хорошев болды (1956 — 1957жж.). 1957- 1960 жылдары кезінде кафедраны доцент, т.ғ.к. О.В.Хорошев басқарды. 1960 жылы меңгерушінің орнын профессор, т.ғ.д. Б.Г.Климов алмастырды, ол кафедрамен1988 жылға дейін жемісті басқарды. Жаңа шахталар мен карьерлердің ашылуы тау-кен электр энергетикасының мамандарында өндірісте қажеттілікті анықтады және 1958 жылы «Жалпы және тау-кен электр техникасы» кафедрасы негізделіп, оның меңгерушісі доц., т.ғ.к. Р.В.Козлов (1958-1968). 1968 жылы ол «Өндірістік кәсіпорындарының электр энергиясымен қамтамасыз ету» (кафедра меңгерушісі доц., т.ғ.к. Р. В. Козлов — 1968-1974 жж., кейін 1975-1980 жж. — доц. П.П. Каменский) және «Электр техникасының теоретикалық негіздері» (кафедра меңгерушісі, доц., т.ғ.к. А. Е. Яковлев — 1968-1979жж.) кафедраларын ұйымдастыруға база ретінде болды.

1979 жылдан бастап «Электротехниканың теоретикалық негіздері» кафедрасын профессор, т.ғ.д. Ю.П. Галишников басқарып, 1980 жылы кафедра қайта ұймыдастырылып, электротехника кафедрасы деп аталды. Кафедраға электротехника, электротехниканың теоретикалық негіздері, электр машиналары мен электроникадан сабақ беру жүктелді, бұл инженерлерді дайындауда сапалы біліммен қамтамасыз етуге үлкен рөлін атқарды. Әр жылдары электротехника кафедрасын :  доц., т.ғ.к. В.С. Моисеев (1984-1986 жж.), доц., т.ғ.к. А.Ф. Фазылов (1986 — 1989 гг.), қарағанды тау-кен институтының алғашқы оқытушыларының бірі — электротехника доценті, х.ғ.к. Е.Г. Надиров (1989-1997 жж.) басқарды.

Жалпы өндірістік және тау-кен мамандандырудың электромеханиктерді дайындауды қамтамасыз ету үшін 1980 жылы «Өндірістік кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету» кафедрасын «Тау-кен механикасы» кафедрасымен біріктіріп, Б.Г.Климов жетекшілігімен ол Электр механикасы кафедрасы атымен аталды. 1988-1994 жж.кафедраны проф., т.ғ.д. А.Н.Шпиганович басқарды. Аймақ және бүкіл Республика өндірпісінің дамуы инженер-электрик мамандар дайындығын талап етті және 1990 жылы ҚПТИ-да «Электр энергиясымен қамтамасыз ету» мамандығы ашылған соң, 1991 жылы оны Электр энергиясымен қамтамасыз ету кафедрасы деп атады. 1994-1997 жылдары кафедраны доц., т.ғ.к. М.Л.Каракулин басқарды. Оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында барлық мамандықтар бойынша оқу жоспарлары бір ізге салынып, 1997 жылы «Электр энергиясымен қамтамасыз ету» және «Электр техникасы» кафедралары бірігіп, қайта құрылған кафедра «Электр энергиясымен қамтамасыз ету эәне электр техникасы» деп аталып, сол жылдан бастап оны т.ғ.д., Қазақстан Республикасының білім берудің құрметті қыөметкері Б.А.Жаутықов басқарды.

1997 жылы Б.А.Жаутықов басқаруымен кафедрада қазақ тілінде оқытумен «Электр энергиясымен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша студенттердің бірінші қабылдауы өтті. 2001 жылы кафдерада жаңа мамандық «Электрификация және ауылшаруашылық өндірісінің автоматтандыруы» жаңа мамандығы ашылды. Тау-кен өндіру кешендердің өнімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ету үшін кафедра ұжымы тау – кен кәспорындарында электромеханикалық жабдықтың ревизия мен жөндеу бойынша жұмыстарды өткізіп, әр жыл сайын 2 млн. тг-ден астам көлемінде шаруашылық келісімді жұмыстар орындап (жетекшісі Жаутықоа Б.А.), шахта және карьер пневмокөтергіш қондырғы құру бойынша ғылыми жұмыстар өткізілді (жетекшісі Николаев Ю.А.), сонымен қатар ВШ бойынша ҒЗИ, оқу үдерісіне орыс және қазақ тілдерінде жаңа пәндер енгізіліп, жаңа зертханалар құрылды. Ақпараттандыру саласындағы өндірістің талаптарына кафедра алғашқылардың бірі болып үн қатып, копьютерлік сыныптарын құрып, оқу үдерісіне компьютерлік технологиялар мен қолданбалы бағдарламалардың қазіргі кездегі пакеттерді енгізді. Кафедрада бакалаврларды даярлау бойынша кредиттік жүйе табысты болып енгізіліп, 2001 энергетикалық жүйелерді зерттеу, дамытужобалаумен айналвысқан  мамандарды дайындауға кафедрада 6N050718 – «Электр энергетикасы» мамандығы магистратурада ашылды.

2005 жылы жылы энергетикасы өндірісінің мамандарында өскен қажеттілікке көңіл аудара отырып, кафедра «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау бастайды.  2008 жылы кафедра меңгерушісі болып, электр  техникасының доценті, т.ғ.к. Г.Г.Таткеева тағайындалып, мамандарды даярлау профилін есепке алып кафедра энергетика кафедрасы деп аталады. Кафедрада 10 оқу зертханалары мен  3 компьютерлік сынып жұмыс істейді. Стендтерде студенттер 100-ден астам зертханалық жұмыстарын өткізеді. Кафедраның зертханаларында электр техникасы, ТЭЦ, ТОЭ, электр энергиясымен қамтамасыз ету пәндері бойынша  барлық мамандықтарының студенттері  айналысады. Ақырғы жылдары кафедраның зертханалық базасы электроэнергетикалық жүйелерін модельдеуге және  қашықтық басқаруға мүмкіндік беретін электротехникалық кешендермен жаңартылып, оқу үдерісіне мультимедиялық жүйелер енгізілді, бұл мамандардың даярлығының сапасы мен мазмұнына қойылатын қазіргі кездегі талаптарға толығымен сай келеді.

Қазірг кезде кафедрада кеелсі мемлекеттік лицензиялар бар:

  • Тау-кен шахта жабдықтың, электротехникалық жабдықтың жарылыстан қорғау, аппаратура мен бақылау жүйесі, апатқа қарсы қорғаныс пен сигнал беру жүйесін монтаждау мен жөндеу;
  • 10 кВ-ға дейін электр жабдығы мен электр желілерін жобалау, жасау, монтаждау, жөндеу, сынап білу және техникалық қызмет
  • Шахталар мен кеніштерде электр жабдықтың су құю қондырғыларына ревизия жасау, жөндеу  және сынап білу;

1959 жылдан бастап кафедра 2500-нан аса  тау-кен инженер-электромеханик, инженер-электрик және тау-кен инженер-электриктерін даярлады.

 

Без рубрики