«Инженерлік педагогика орталығы» туралы

Инженерлік-техникалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыру және еңбек нарығының талаптарына лайық болу максатында 2015-2019 жылдарына арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2014 ж. ҚарМТУ-да «Инженерлік педагогика орталығы» (ИПО) құрылды.

ИПО-ның қызметі инновациялық білім беру технологияларының және ең үздік заманауи инженерлік-педагогика тәжірбиесі негізінде ҚарМТУ ППҚ кәсіби дамуына бағытталған.

     ИПО мақсаты білікті және бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру  үшін ҚарМТУ ППҚ инжернерлік-педагогикалық әлеуетін жетілдіру болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес ИПО келесі міндеттерді шешеді:

  • ҚарМТУ ППҚ үшін инновациялық педагогикалық оқыту технологиялары бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру;
  • IGIP Қазақстандық ұлттық мониторингтік комитетімен жасалған келісім шарт шеңберінде ҚарМТУ-да Инженерлік педагогика бойынша Халықаралық қоғамның (IGIP) оқу жоспарын негізге ала отырып оқыту семинарларын ұйымдатыру;
  • Корпоративтік Университет кәсіпорындарының ИТЖ арналған оқыту семинарларын ұйымдастыру;
  • Педагогикалық бағдардағы Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша профильдік магистратураны бітіргендерді оқыту;
  • Кәсіби техникалық білім берудің көкейтесті мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы және т.б. ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыру бойынша байқауға қатысуы үшін жобаларды дайындау;
  • Кәсіби білім беру саласында білім беру бағдарламалары мен жобаларына ғылыми-әдістемелік сараптама жүргізу;
  • Халықаралық ғылыми және т.б. байланыстарды орнату мен дамыту.

ИПО директоры — педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Смирнова Г.М.

ИПО материалдық-техникалық жабдықтандырылуы

ИПО ең бір табысты жұмыс істеу шарты, оның оқу-материалдық базасында, заманауи талаптарға сай келетін компьютерлік және телеқатынастық техникалармен жабдықталған дәрісханалар.

 

 

Без рубрики