Сәулет-құрылыс факультетінің тарихы

1959 жылы Қарағанды тау-кен институтында алғашқыда тек қана «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» (бірінші шығарылым 1962 жылы болды) және «Құрылыс және жол машиналары» екі мамандық бойынша инженер – құрылысшылар дайындауды жүзеге асырған инженерлік – құрылыс факультеті құрылды.

Инженер-құрылысшыларды дайындауға  мемлекеттiк тапсырыстың ұлғаюына байланысты қосымша «Темiрбетон конструкциялар»  мамандығы ашылды(1959). Ол 1969 жылы «Құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндiрiсi» және «Экономика және құрылыстыру ұйымдастыру» болып атауын өзгертті.

1970 — 1989 жылдары кәсіби техникалық білім беру жүйесі арқылы мамандарды дайындауды кадрлық қамтамасыз ету үшін инженер – құрылысшы ұстаздарды дайындау «Құрылыс» мамандығы бойынша жүзеге асты. Бұл мамандықтың түлектері құрылыс мамандықтары бойынша арнайы пәндерді кәсіби техникалық училищелерде, техникумдарда оқыту үшін мақсаттық дайындыққа ие болды.

1994 – 2004 жылдары инженерлік – құрылыс факультетінде «Ғимарат және үймереттер» кафедрасы «Қалалық құрылыс пен шаруашылық» мамандығы бойынша инженер – құрылысшылар дайындады.

2000 жылы «Құрылыс кешеніндегі техникалық – құқықтық сараптама», «Автомобиль жолдары мен аэродромдардың құрылысы», ал 2001 жылы «Көпірлер және көлік тоннелдері» сынды көкейкесті мамандықтар ашылды.

Факультетті әр уақытта басшылық еткендер:

Гарпф С.И. (1959 – 1961 жж.); Москаленко С.Ф. (1961 – 1962 жж.); Мель Р.К. (1962 – 1963 жж.); Кузнецов Ю.П. (1963 – 1965 жж.); Умбеталин С.У. (1965 – 1980 жж.); Смагулов З.М. (1980 – 1985 жж.); Бакенов Б.Б. (1985 – 1987 жж.); Винярский П.П. (1987 – 1993 жж.); Баттаков С.Б. (1993 – 1999 жж.); Жакулин А.С. (1999- 2002 жж.); Оразалы Е.Е. (2002 – 2004 жж.); Байджанов Д.О. (2004 – 2009 жж.); Иманов М.О (2009 – 2010 жж.) Утенов Е.С. (2010-2011), Иманов М.О. (2011-2015), Байджанов Д.О. (2015), Таранов А.В. (2016), Иманов М.О. (2017 — қазіргі уақытқа дейін).

Инженерлік – құрылыс факультеті жоғары мамандандырылған инженер-құрылысшылар дайындауда үлкен роль атқарды. Ең алдымен, біздің Республикамыздың орталық Қазақстан өңірі үшін. ИҚФ түлетері Карметкомбинат, Балқаш тау-кен – металлургия комбинаты, Саран қаласындағы РТБ зауыты, «Ертіс — Қарағанды» каналы сияқты ірі объектілерді жобалау мен құрылысына қатысты. Бүгінгі таңда инженерлік – құрылыс факультеті Қазақстанда да, жақын және алыс шет елде де ойдағыдай жұмыс істеп жүрген 10000-нан астам жоғары мамандандырылған мамандар дайындады. ИҚФ оқытушылары мен студенттері №1 оқу корпусы мен институттың басқа да объектілерінің құрылысына қатысты, олар әрқашан ҚарМТУ студенттік құрылыс отрядтарын құрады.

1999 жылдан бастап «Құрылыс», «Құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялардың құрылысы» және «Сәулет» бағыттары бойынша бакалаврлар мен магистрлерді дайындайды. Мемлекеттік тілде оқыту «ӨАҚ», «ҚКӨ» мамандықтары бойынша 1989 жылдан бастап, ал «Сәулет», «ЖАЭСҚ» мамандықтары бойынша 2001 бастап жүргізіледі.

Без рубрики