Факультет тарихы

Cырттай қашықтықтан білім беру факультетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Ол кезде Қарағанды политехникалық институты маңында таукен мамандықтары бойынша инженерлер дайындайтын сырттай бөлім факультеті ашылған. Факультетті тәжірибелі ұстаз, т.ғ.к., доцент А.Н. Лебедев басқарды (1958-1965 жж.).

Сырттай бөлім факультетінің дамуына әр кезде декан болған Ф.Н. Крицевый, А.Ш. Боженов, Т.С. Интыков, С.К. Малыбаев, Б.М. Легких, Б.А. Жаутиков, К.Б. Кызыров үлкен үлес қосты.

Сырттай бөлім факультетінің сәтті жұмыс істеуі бұрынғы сырттай-укешкі бөлім проректоры, профессор А.Н.Данияровтың есімімен тікелей байланысты. Ол бұл бөлімге 20 жылдай жетекшілік етті.

Оқытудың сырттай бөлімі Университетпен бірге, мамандықтар номенклатурасын кеңейту, кадрлік, материалдық-техникалық базаны нығайту, студенттер санын арттыру бағытында дамып отырды. Егер де алғашқы бетте таукен мамандықтары басым болса (2-3 мамандық), 60-жылдары машинажасау, құрылыс және көлік мамандықтары дами бастады.

ХХ ғасырдың 60-70-е жж. өндірістің қарқынды дамуына байланысты Балқаш, Жезқазған, Петропавл, Көкшетау, Целиноград қалаларында ҚарПТИ-дың жалпы техникалық факультеттері ашылып ұйымдастырылды. ЖТФ түлектері бастапқы жоғары білім алғаннан кейін, оқуларын, негізінен, ҚарПТИ және басқа да ЖОО-ларда сырттай оқу түрі бойынша жалғастырды. Одан кейін ЖТФ біразы күндізгі, сырттай, кешкі оқыту түрде оқытатын бөлімшелерге ауыстырылып, 90-жылдары аймақтық ЖОО-лар ұйымдастыруға негіз бола алды.

Аймақтық жалпы техникалық факультеттер мен бөлімшелерді ұйымдастыру ісі О.В. Хорошев, Л.И. Лонер, Т.М. Игибаев, Н.А. Жайсанбаев, Е.С. Утенов, К.Б. Бишкенов, М.С. Колобочкин, М.Д. Тусупбаев, З.М. Смагулов, М.Н. Шманов, М. Токтамысов, Г.К. Жакенов, К.А. Айткожин, И.У. Бикбаев, Л.В. Нечесов, К.О. Оразов, А.Б. Байгаринов, В.Б. Тимченко, Ж.В. Коваленко, С.Ю. Шевелев, Г.П. Федотов тәрізді декандардың есімдерімен байланысты.

Қарағанды қаласы мен Орталық және Солтүстік Қазақстанның өндірістік орталықтарында ҚарПТИ негізінде инженер кадрларын өндірістен үзбей даярлау ісі өндірістік мекемелердің жұмысшы жастар тарапынан жоғары білімді мамандарға деген қажеттілігін қысқа мерзімде өтеуге өз ықпалын тигізіп, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Көкшетау, Петропавл қалаларында жеке дербес ЖОО-ларын ашуға материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік, кадрлік тұрғыдан негіз бола алды.

2008 жылдың қыркүйек айында қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы сырттай оқыту түрі бойынша басқаруды ортақтастыру және бірегей оқу-әдістемелік негізді дамыту мақсатымен ҚарМТУ Ғылыми Кеңесінің 20.09.2008ж. № 3 Шешімі бойынша Сырттай оқыту факультеті мен Маңызды білім беру факультеті негізінде Сырттай-қашықтықтан оқыту факультеті құрылды.  Факультет жұмысын т.ғ.к., профессор Глотов Б.Н. басқарды.

Сырттай бөлім факультетінің дамуына әр кезде декан болған Ф.Н. Крицевый, А.Ш. Боженов, Т.С. Интыков, С.К. Малыбаев, Б.М. Легких, Б.А. Жаутиков, К.Б. Кызыров үлкен үлес қосты

Сырттай бөлім факультетінің сәтті жұмыс істеуі бұрынғы сырттай-укешкі бөлім проректоры, профессор А.Н.Данияровтың есімімен тікелей байланысты. Ол бұл бөлімге 20 жылдай жетекшілік етті.

1997 жылдан бастап 2001 жылға дейін факультеттті т.ғ.к., доцент Н.А. Данияров басқарды. Бұл кезде мамандықтар, тыңдаушылар саны көбейді.

2001 жылдың шілде айынан  2008 жылдың қыркүйегіне дейін факультет деканы т.ғ.к., доцент Б.Н. Глотов болды. ҚР экономикасы салаларының жаңғыруы мен дамуы таукен, геофизикалық, көлік, құрылыс және машинажасау мамандықтары бойынша мамандарды қайта даярлау қажеттілігін тудырды

Университеттің Ғылыми кеңесінің 10 қыркүйек 2010 жылғы Шешімі мен ҚарМТУ Ректорының 15 қыркүйек 2010 жылғы № 651 «Университет құрылымын реформалау туралы» Бұйрығына сәйкес Сырттай оқыту факультеті Қашықтықтан оқыту институты болып ауысты. ҚОИ директоры болып т.ғ.к., профессор Глотов Борис Николаевич тағайындалды.

ҚарМТУ Ректорының  02 желтоқсан 2010 ж. № 10 «Атауларды өзгерту туралы» Бұйрығына сәйкес 06 қараша 2010 жылғы Ғылыми кеңесі негізінде  (хаттама №3) Қашықтықтан оқыту институты(ҚОИ) Сырттай-қашықтықтан оқыту институты (СҚОИ) деп өзгертілді.

Қазахстан Республикасы Үкіметінің 17.05.2013ж. №499 қаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру қызметінің типтік Ережелерін және Университет Ғылыми кеңесінің 21.01.2014ж. №5 хаттамасын басшылыққа ала отырып.

Сырттай және сырттай-қашықтықтан оқыту сапалы білім алу мәселесінің маңызды шешімі болып табылып, тек Қарағанды емес, сонымен қатар Орталық Қазақстан аймағында да келелі орын алғаны  мәлім жайт.

Сырттай-қашықтықтан оқыту факультетінің даму перспективалары Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттер азаматтарына тұрғылықты орнына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан өз аймағының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін мамандықтар бойынша қол жеткілікті жоғары білім бере алуда болып отыр.

Без рубрики