Инновациялық технологиялар факультеті

«Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасы

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Инновациялқ технологиялар факультеті Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде студенттердің контингенті бойынша төртінші болып есептеледі. Студенттер саны шамамен 1.100 құрайды. Факультет бакалавриаттың 8 мамандығы бойынша және магистратураның 3 мамандығы бойынша оқуға қабылдайды.

Факультеттің құрамына 3 мамандар даярлаушы кафедра: «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік», «Ақпараттық-есептеуіш жүйелер», «Химия және химиялық технологиялар» және жалпы білім беретін «Қазақстан тарихы» кафедрасы кіреді. Факультеттің білім беру қызметін 93 оқытушы, олардың ішінде 4 ғылым докторлары, 39 ғылым кандидаттары, 31 ғылым магистрлары жүзеге асырады.

2011 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш факультет ҚарМТУ сайысында «Үздік факультет» бойынша 3 орынды иеленді. АРТА рейтингісінің нәтижесі бойынша 5В070400 «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы 2 орынға, 5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы 2 орынға, 5В073700 «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы Республикалық деңгейде жыл сайын 1 орынға ие.

Құрметті талапкерлер және ата-аналар! Сандық әлемде факультеттің барлық мамандықтары бәсекеге қабілетті болып келеді. Біздің студенттер тәжірибеге бағдарланған мамандар болып шығады. Факультеттің ерекшелігі мынада, біз IT-технология, химиялық және BIO-технология, сонымен қатар пайдалы қазбалар саласында бакалаврларды даярлаймыз.

Бүгінде сандық технологиялардың біздің қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енгізілген шағында IT-білім берудің өзектілігі күмән келтірмейді. Біздің студенттеріміз BigDate, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, өнеркәсіптік және экологиялық биотехнология, мұнай химиясы, көмір химиясы және жұқа органикалық синтез, түсті металл кендерін байыту технологиясын әзірлеу сияқты салаларда практикалық білім алады. Факультетте студенттерді жоғары сапалы тәжірибеге бағдарланған даярлық мақсатында Epam Systems, Wooppay, Jazsof, XNet, «Фитохимия» ХҒӨХ АҚ, Ж.Әбішев атындағы ХМИ ЖШС, «Absalutе ecology», «ҚР ОСКХИ» ЖШС секілді ірі IT-компанияларымен белсенді ынтымақтастық орнатуда.

ҚарМТУ-нің ИТФ түлектері – бұл сұранысқа ие, өз ісінің білікті және кәсіби мамандары!

Біздің факультетіміздің есігі сіздер үшін әрдайым ашық, біз ең ақылды және өз мақсатына ұмтылған талапкерлерді күтеміз!

Без рубрики