Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

ТЕМПУС-V QUEECA (ОАББС) Орта Азиядағы Теехникалық Білім берудің Сапасы жобасына қатысу үшін (ғыл.жетек. – Смирнова Г.М., қатысушылар Егоров В.В., Готтинг В.В. ), жоба қорытындысы бойынша (24.03.2016ж.) қатысу онлайн семинарда жүзеге асырылды.

       «Орталық-азиялық желі «Кәсіби оқыту»  жобасына қатысу: PBBZ «Успех» аясында оқытушылардың оқуы мен желісінің атқарылған жұмысы жайлы алдын ала есеп жіберілді – Ударцева С.М.

17.05.2010ж. № 58 серіктестік туралы келісім аясында Сібір қаржы және банк ісі академиясы мен (Ресей, Новосибирск қ.) тәжірибе алмасу жүргізілді: п.ғ.д., профессор, Сібір қаржы және банк ісі академиясының «Педагогика және психология» кафедра меңгерушісі Скибицкий Е.Г. және кафедра ізденушілерімен Чаусова Т.А., Бакина Ю.А., Кұрымбаева С.К жоғары мектеп және кәсіби педагогика проблемалары туралы консультациялар жүргізілді.

VII Халықаралық оқытушылар, аспиранттар,  магистранттар және студенттердің ғылыми-тәжірибелік САФиБД, 2016 конференциясына профессор Егоров В.В. қатысты.

ҚарМТУ-нің АОУ ВПО «А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті»-мен серіктестік келісім аясында А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінде Ударцева С.М., Чаусова Т.А. біліктігін жоғарлату жүзеге асырылды.

КО кафедрасының доценті Смирнова Г.М., ИПО директоры — Греция, Салоники қ. Аристотель атындағы Университетке 13-25 тамызда 2015ж. психолого-педагогикалық дисциплиналары бойынша алдыңғы қатарлы шет елдік оқыту тәжірибесін меңгеру, және «JASON» бағдарламасы бойынша педагогика аясында халықаралық біріккен зерттеулер жүргізу мақсатында іс-сапарға жіберілді. Жұмыс педагогикалық факультетте PhD докторы Фотиадис Д.К. жетекшілігімен жүргізілді.

Іс-сапар кезінде: Педагогикалық, Психологиялық, Құрылыс және Архитектура, Геологиялық факультеттерге барды. Білім берудің философиялық көрінісі, Әлеуметтік білім беру, Когнитивті психология, Педагогикалық  психология, Экологиялық психология пәндері ерекше қызығушылыққа ие болды.

Іс-сапар кезінде Солоники қаласында орналасқан Македониия Университеті , (NOESIS) Технология музейі және ғылыми орталығына экскурсия жүргізілді.

КО кафедра доценті —  Ударцева С.М. Дюссельдорф, Кельн, Ганновер (Германия) ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру , ғылыми-зерттеу жүргізу , оқытудың инновациялық әдістері бойынша тәжірибе алмасу үшін, IW Халықаралық білім беру орталығында 2015ж. 17 шілдеден 22 шілдеге дейін «ЖОО-дағы менеджмент сапасы және оқыту әдістері» бағдарламасы бойынша оқыту үшін іс-сапарға жіберілді. Курс барысында тыңдаушылар Орталықтың жұмысымен  танысты, ЖОО оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері жайлы сұрақтар аясында дәріс тыңдалынды(профессор Михайлова Н.), Мотиватор — жетекшілер үшін тренинг (профессор Edgar Heineken), ЖОО сапа көрсеткіштері (профессор Oliver Platzeck).

Орталықта оқу барысында Генрих Гейне атындағы Дюссельдорф университетіне барды, психология факультеті мен әлеуметтік психология мамандығында оқитын студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Нанси қ. Лотарингия университетінде (Франция) білім беру мекемелерінің құрылымын оқуға, университеттің ішкі әкімшілік құрылымының өзара іс-әрекетін және білім беру сапасын арттыру, ғылыми-педагогикалық біліктілікті арттыру, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін инновациялық оқыту технологиясы бойынша тәжірибе алмасу кезінде  ASIIN (Германия) аккредитация агенттігінде техникалық мамандық бойынша халықаралық аккредитациясының білім беру бағдарламасы үшін өз-өзіне есеп берудің тәжірибесі оқытылды. Қазақстан Республикасы , Ресей және Еуропаның ЖОО-ның аккредитация тәжірибесі оқытылып талданды. Оқытудың негізгі бағыты  тау-кен-металлургия кешенінің магистратурасындағы ГПИИР-2 бағыты бойынша жаңа білім беру бағдарламаларының ашылуымен байланысты сұрақтарды қарастыру болып табылды.

КО кафедрасының  доценттері Смирнова Г.М., Ударцева С.М. WEEF 2015 DUBAI Халықаралық конференциясына IGIP/ 2015 WORLD ENGINIRING EDUCATION FORUM/ United Arab Emirates, Dubai мүшесі ретінде қатысты. 2015 жылдың 3-6 желтоқсанында Дубай қ. (Бірікке Араб Әмірлігі) («World Engineering Education Forum WEEF 2015″) инженерлік білім беру бойынша Дүниежүзілік форум аясындағы IGIP 2015 халықаралық қоғамының инженерлік қоғам бойынша 43ші Халықаралық конференция өтті. Форум тақырыбы: “Engineering Education for a Global Community”.

 

Халықаралық партнер

Халықаралық бағдарламалар

Шет ел ғалымдары