Халықаралық ынтымақтастық

Екі дипломдық білім беру

Халықаралық ынтымақтастық

ӨПА кафедрасы екі дипломдық білім бойынша МЭИ, Балтық, Омск мемлекеттік, Севастополь ұлттық техникалық университеттердің автоматтау кафедраларымен бірге “Festo” (Австрия, Германия) концернінің қамқорлығындағы «Синергия» бірегей ғылыми – білім беру жобасына қатысады. Венск технологиялық университеттің президенті Б. Каталинич, «МЭИ – Фесто» институтының директоры, Кеңес Одағының екі дүркін Батыры, КСРО ұшқыш – ғарышкері,  профессор А.С.Елисеев ҚарМТУ –де электротехникалық мамандықтар бойынша қазіргі заманғы, оған ешқайсысы ұқсамайтын  интегралды дистанционды білім беру технологиясын дамытуда 55000 евро бірегей грантын ұсынды. Венадағы 20 – шы Бүкіләлемдік DAAM симпозиумдегі келісімге ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі  А. М. Газалиев қол қойды, ол білім беруде жетістікке жеткені үшін алтын медальмен марапатталды.

Энергетика кафедрасының «Энергияны үнемдеу» мамандығы бойынша Томск политехникалық университетімен екі дипломдық білім туралы келісімге қол қойылды.

Университеттің ашық ШОС шегінде ӨПА және Энергетика кафедралары «Практиканың халықаралық білім беру бағдарламаларының орталығымен» (Мәскеу қаласы) халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды..

Кафедра профессоры Таткеева Г.Г «Қазақстан өнеркәсібіндегі энерго тиімділік»  федералдық басқарма бағдарламасының шегіндегі Германиядағы Қазақстан эксперт делегациясының құрамында жұмыс істеді, көптеген германиялық ұйымдармен байланыстар орнатылды.

Физика кафедрасы Ресей техникалық ЖОО –ң физика кафедраларының Ассоциациясының шетелдік мүшесі ретінде тіркелген.

БЖТ кафедрасының Санк – Петербургтегі НПО ЦКТИ және НПО «Санк – Петербургтік электротехникалық компаниясымен» ғылыми ынтымақтастық табысты түрде дамуда.

Біздің 20 аса студенттер, магистранттар және докторанттар Президенттік «Болашақ» бағадарламасы бойынша Ресей, АҚШ, Канада, Қытай және Германияның  жетекші ЖОО – да оқуды өтуде.

ҚарМТУ «Автоматтандыру және басқару» мамандығы халықаралық аккредитацияны алды.

Без рубрики