Халықаралық ынтымақтастық


Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы


Кафедра соңғы жылдары Қырғызстаннан және Түркиядан шақыртылған профессорлардың қатысуымен ғылыми семинарлар өткізді

1.ҚарМТУ Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының шақыртуымен Қырғызстандағы қырғыз-түрік «Манас» университетінің профессоры Қадыралы Қонқабаев «Түркі тілдері және оларды өзге ел өкілдеріне оқыту, үйрету мәселелері» тақырыбына семинар өткізді.

2. Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының шақыртуымен «Ғылым мен білім – Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды факторы» тақырыбында,  өткізілген, ҚарМТУ-дың халықаралық ғылыми конференциясына («Сағынов оқулары,№2») Түркияның Юнус Эмреатындағы институтының профессоры, PhD докторы Шереф Атеш келді. Профессор  «Шетел тілін үйретудің жаңа тәсілдері» тақырыбына семинар жүргізді.

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында әдістемелік семинар өтті. Семинарда Қытай Халық Республикасы Санжы қаласы, Санжы университеті, Қытай филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, қытай тілі профессоры Серік Мұстафаұлы «Қытай  тілін тез үйретудің әдістемесі» атты тақырыпта  дәріс оқыды. Дәрістақырыптары – «Қытай тілінің құрылымды екшеліктері», «Қытай иерогливтерін тез танытудың ұтымды жолдары», «Қытай тілін тез үйретудің өнімді әдістемесі», «Қытайдағы аударманың тарихы», «Қытай тіліндегі көп мағыналы етістіктер мен сын есімдердің мағыналық байланыстары мен мәнді өзгешеліктері және оны парықтандыру әдістері», «Қытай және қазақ тіліндегі сөз мағынасының өзарақатынасы».

Аталған семинарға ҚарМТУ-дың қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының және университеттің доценттері мен оқытушылар құрамы қатысты. Семинар соңында  сертификат тапсырылды.

Университетіміздің профессорлық оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру мақсатында Қытай Халық Республикасының Санжы қ. Санжы университеті профессорының дәрістері аяқталды. Осының нәтижесінде, дәрісті тыңдаған «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушылары «Политехникалық жоғары оқу орындарында ғылылми-техникалық терминологияны оқытудың заманауи технологиясы» атты ғылылми бағыттағы оқу семинарына қатысып, 276 сағат дәріс тыңдағандары үшін арнайы сертификаттар берілді. Осылайша, кафедраның аталмыш ҚХР Санжы университетінің арасындағы халықаралық ынтымақтастық артуда деп нық сеніммен айтуға болады.

 

Без рубрики