Халықаралық ынтымақтастық

2005 жылдан бастап кафедра Циттау-Гарлиц Институтымен (Германия) іскерлік қатынаста. Ғылыми-техникалық іскерлік келісімінің жүзеге асыру шеңберінде бірінші проректор, профессор Р. Гизе бірнеше рет «Басқарушылық және қаржылық есеп» курсы бойынша дәрістер және сынып шеберлігін өткізді; «Есеп және аудит» мамандығы бойынша екідипломдық оқытуды ұйымдастыру бойынша оқу жұмыс жоспарлары келісілді.

Кафедра оқытушыларының тәжирибеден өтуіне және студенттер мен магистранттардың ауысуына сай 2008 жылдан бастап кафедра Мәскеулік Мемлекеттік Құрылыс Университетімен (Мәскеу қаласы) ғылыми-техникалық іскерлік туралы келісімнің жүзеге асырылу бойынша жұмыс жасайды.

«Экономика» мамандығы бойынша PhD докторларды дайындауға, біліктілігін көтеру квалификациясынан өтуіне, студенттер мен магистранттардың ауысуына байланысты 2011 жылдың қараша айынан бастап Мәскеулік Мемлекеттік Тау-кен Университетімен (Мәскеу қаласы) білім қызметтерінің саласындағы іскерлік туралы келісім-шартқа отырдық.

2012 жылы ММҚУ БЖИ-да «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының доценті Н.А. Алпысбаева іс-тәжірибеден өтті.

«Кәсіпорын экономикасы» кафедрасы мен Ригалық техникалық университеті (қ.Рига,Латвия) және Дханиш Ахмед Колледжі (қ.Ченнаи, Үнді) арасында ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды.

22.11.2014 ж.- 06.12.2014 ж. аралығында Дханиш Ахмед атындағы Политехникалық колледждің PhD профессоры Саифила Алимен КЭ кафедрасында сапар өтті. Кафедраның ПОҚсы және магистранттары, студенттері үшін оның дәріс курстары оқылды.

TYS92hNNrE0