Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Жас ғалымдар кеңесі


Жас ғалымдар кеңесі – өз еркімен мүшелік ету және серіктес болу негізінде құрылған ғылыми ұйым.

Кеңес ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысуға ниет білдірген докторанттар, магистранттар, студенттер, ғылыми қызметкерлер, жас ұстаздар қызығушылықтарын қолдайды.

Кеңес қызметінің мақсаты – жас ғалымдардың кәсіби өсуіне және ғылыми-зерттеу қызметін дамытуда жағдай жасау.

Жас ғылымдар кеңесі кеңес бере отырып келесілерге көмек көрсетеді:

  • жүргізіліп джатқан ғылыми конференциялар, семинарлар, олимпидалар, басқа да іс-шаралар жөнінде ақпарат;
  • фундаменталды және қолданбалы зерттеулер үшін конкурстар мен жобалар туралы ақпарат;
  • мақала жариялауда журнал таңдау;
  • басқа ЖОО ғылыми кеңестерінің жас ғалымдарымен байланыс.

Төраға: Сулеев Б. Д., PhD, ғылым және инновациялар департаменті директорының м.а.;

Төраға орынбасары: Қалиасқаров Нұрбол Балтабайұлы-PhD, «Байланыс жүйелері технологиясы» кафедрасының меңгерушісінің м. а.;

Хатшы: Тохметова Құралай Мұратбекқызы, «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының аға оқытушысы.

 

 

Без рубрики