ҚарМТУ-да Қазақстан Республикасы ЖОО-ның Оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңесінің отырысы өтті


2017 жылдың 8 желтоқсаны күні  ҚарМТУ-дың конференц-залында  Қазақстан Республикасы ЖОО-ның Оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңесінің отырысы өтті.

Мәжілісті университетіміздің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор — А.З.Исагулов жүргізді. Ол еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы өзара ықпалдастықтың даму траекториясына баяндап, көпдеңгейлі білім беру процесін қажетті оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

ҚарМТУ-дың стратегиялық даму жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор

— Г.С.Жетесова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру  туралы» баяндамасын оқыды. Сондай-ақ кеңесте ҚР «Білім беру туралы» заңнамасының 43 және 62 бабтарына енгізілмекші өзгерістер мен толықтыруларға  баса назар аударылды.

ОӘБ жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ю.Н.Пак еліміздің ЖОО тарапынан кеңеске сараптама жасап, қорытынды беру үшін  ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазба нұсқаларының сапасына талдау жасады.

Без рубрики