Академиялық мобилділік

2011 жылы шетел оқу орындарымен келесім шарттар мен ішкі және сыртқы академиялық мобилділік бағдаламаларында магистранттар мен докторанттардың қатысуы туралы.

ҚарМТУ ішінде 6 еуропалық (Politechnika Warszawska (Польша), České vysoké učeni technické v Praze (Чехия), Dublin Institute of Technology (Ирландия), Ecole Centrale de Nantes (Франция), Università degli studi di Genova (Италия), Universidad del País Vasco/Euskal Herriko Unibertsitatea (Испания) және 8 орталық азия университеттері (Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университет, Қазақстан Менеджмент, Экономика және болжау Институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университет, Қырғыз ұлттық аграрлы университет, Қырғыз ұлттық университет, Самарқанд аграрлы институт, Тәджік аграрлы университет) консорциум құрамында eAstana жобасымен Erasmus Mundus Action 2 Lot 10 академиялық мобилділік конкурсына қатысты. 2011 жылдың шілде айында Еуропалық Комиссияның мәдениет, аудиовизуалды құралдар, білім беру бойынша Атқарушы Агенттік осы жобаны қаржыландыуға 2 млн. еуро шамасында ақшаның бөлінуін бекітті.

Жобаны іске асыру жоспары бойынша қазан айының 10-14 күндері жобаның коодинаторы- Варшава технология университеті әріптес университеттерінің өкілдері үшін старттық конференцияны өткізді. Кездесу барысында жобаның, консорциум құрамына кіретін барлық университеттердің презентациялары жасалды, жұмысты орындау бойынша ұйымдастыру сұрақтары, жоба тұсында университеттер арасында әріптестік келісімнің пункттері, қаржы бойынша сұрақтар қарастырылды. Еуропалық университеттердің жергілікті координаторлары Орталық Азия унивеситеттерінің студенттері, магистранттары, докторанттары және әкімшілік қызметкерлері үшін стажировканы өту үшін курстар мен бағдарламалады ұсынды.

ҚарМТУ консорциум құрамында «ARCADE» жобасымен Erasmus Mundus Action 2 Lot 10 академиялық мобилділік конкурсына қатысты. Бұл консорциумға 7 ейропалық унивеситет және 13 орталық Азия университеттері кіреді. Атап өтсек:    Politecnico di Torino (Италия), Ecole Centrale de Nantes (Франция), Royal Institute of Technology (Швеция), Freie Universitat Berlin (Германия), Santiago de Compostela (Испания), Adam Mickiewicz University (Польша), University of Wales (Великобритания), Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет, Қазақ Ұлттық техникалық университет, Еуразия ұлттық университет, Қарағанды мемлекеттік техникалық университет, Буқара мемлекетік университеті, Ургенч мемлекетік университеті (Өзбекістан), Навоий мемлекетік тау-кен университеті (Өзбекістан), Тәджік техникалық университеті тұсындағы Худжанд политехникалық институт, Хорогоск мемлекеттік университет (Тәджікістан), Қырғыз мемлекеттік техникалық университет, Ыстықкөл мемлекетті университет, Талас  мемлекетті университет (Қырғызстан), Түркмен мемлекеттік экономика және менеджмент университеті (Түркменістан).

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде магистранттар мен докторанттар ішкі және сыртқы академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысады.

Академиялық мобильділіктің Болондық процесі қағидаттарының бірін орындау мақсатында 6D071200 «Машина жасау» мамандығының  2 курс докторанты Теленкова Е.А. Erasmus Mundus 2 – MANEСA бағдарламасы бойынша Lessiys Бельгия университетінде оқиды. (23.11.11 ж.- 23.04.12 ж. аралығында).

Осы бағдарлама бойынша келесі мамандықтар бойынша 4 магистрант оқып жатыр: Юн А.В. 25.11.11ж. — 01.08.12 ж. аралығында Берлин техникалық университетінде (Германия) 6М070400 «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша;  Кадырова Т.А. 15.09.11ж.- 15.03.12 ж. аралығында  Берлин техникалық университетінде (Германия) «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және  құрылғыларын жасау» мамандығы бойынша; Токмагамбетова Г. 01.09.11ж.- 30.06.12 ж. аралығында Латвия университетінде (Рига) «Өмір сүру қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша;   Таттимбекова Б.О.  15.09.11 ж.- 15.03.12 ж. аралығында Lessiys Университетінде 6М073200 «Стандартизация и сертификация (салалар бойынша)» мамандығы.

Сонымен қатар, ШЫҰУ негізінде магистерлік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы келісім бойынша келесі мамандықтар бойынша 5 магистрант оқып жатыр: 6М070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Ламзин Д.Л. и Ахметов Б.Е. Мәскеу энергетикалық институтында (техникалық университет) (Ресей, Мәскеу) 01.09.11ж.- 31.01.12ж. аралығында; 6М071800 «Электроэнергетика» мамандығы бойынша Сарбасов А.Ж. және Нурмагамбетова Г.С. Ресей тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералды университетінде   (Ресей, Екатеринбург), Новикова Е.Г. Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінде (Ресей, Новосибирск қ.) 01.09.11ж.- 31.01.12ж. аралығында.

Ішкі және сыртқы академиялық мобилділікті іске асыу мақсатында 2011 жылы Университет келесі шетел білім беру мекемелерімен келісім шартқа отырды: Ғылымдар мен Технологиялар Ұлттық Университеті  (Исламабад, Пәкістан), Қолданбалы ғылымдар, технологиялар, бизнес және дизайн Университеті (Германия, Висмар қ.), Ядэ Вильхельмсхафен Ольденбург Елсфлет кәсіптік білім беру жоғары мектебі (Германия), Прага Даму Орталығы «PPADEC» (Чехия), Силезск техникалық университеті (Польша, Гливице қ.), Циттау/Гёрлитц Институты (Германия, Циттау қ.), Ресей ғылымдар академиясы мекемесі В.А.Трапезников атындағы РҒА басқару мәселелерінің Институты (Ресей, Мәскеу), Дон мемлекеттік техникалық университет (Ресей, Ростов-на-Дону қ.), Липецк мемлекеттік техникалық университет (Ресей, Липецк қ.).

Без рубрики