Жатақхана

Өтінім жатақханадан орын

Жатақхана

1

ҚарМТУ-дың 822 орынды  жаңа студенттік  жатақханасы  ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша  «Студенттік тұрғын үй» Президент бағдарламасы шеңберінде салынды.

Тұрмысы қамсыздандырылған, жиһазы заманға сай, әр қабатында тұрмысқа жайлы ас үйі бар. Тұрғын алаңынан басқа жиын  залы, мультимедиялық бөлмелер, қажетті медициналық құралдары бар денсаулық сақтау бөлімі, 60 орынға арналған асхана және кір жуатын бөлмесі бар. Жатақханада сымсыз интернет бар.

ҚарМТУ-дың жатақханасы 4 қабаттан тұрады. Әр қабатта студенттер тамақ пісіретін тұрмыстық бөлмелер, тамақ сақтауға арналған мұздадатын бөлмелер, киім кептіруге арналған бөлме, жуу бөлмелері бар.
Мәжіліс залында, бірінші қабатта студенттер сабақтарына дайындалатын компьютерлік класс бар. Денсаулық пунктінде студенттер тегін медикалық көмек алып, демалу бөлмелерінде шахмат ойнап, теледидардан бағдарламаларды көре алады. Сонымен қатар бірінші қабатта қыздарға және ұлдарға жуыну бөлмелері, 3 жуу машинасы бар жуу бөлмесі де орналасқан.
Жатақханада университеттің барлық институттарынан 350 студент тұрады. Жатақханадағы өмір өте қызықты және Студенттер Одағы өткізетін іс-шараларға толы. Осы оқу жылы ҚР Тұнғыш президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл сияқты қызықты шаралар өткізілді. Студенттер Жас Орда және университет КТЖИ, МИ, ТИ, ӘТИ, СҚИ институттары өткізетін шараларға да белсенді қатысады.
Жастар саясаты Департаменті, Университет кураторларының Кеңесі де өз көмеігн көрсетеді.

ҚарМТУ жатақханасында әр түрлі конкурстар өткізіледі, олардың ішінде:
— Ең таза және ыңғайлы бөлме конкурсы; жылдық қорытындысы бойынша жатақхананың ең үздік бөлмесі болып 417 бөлме таңылды, ал сол бөлмеде тұратын студенттер ақшалай сыйға ие болды.
— Қабаттың ең үздік безендірілуі, барлық 4 қабат әсем көркемделді.
Жаңа жылда жатақханада 100 студент қалды. Жаңа жылды қарсы алуға бағдарламалар ұйымдастырылды.

Студенттер кеңесі қабаттардағы тәртіпті өздері орнатады: қабат басшылары өз қабаттарындағы тәртіпті қадағалайды. Кеңес отырыстарында жатақханадағы тұру тәртібін бұзушылар қарастырылады. Басқарудың осындай формасы студенттерді тиімдірек тәртіпке салады.

 

Без рубрики