Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі

 


Қалыбекова Қаламқас Сағындыққызы 1972 жылы тоғызыншы тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген.

1994 ж. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде  «Алпысыншы жылдардағы қазақ әдеби сыны» атты тақырыпта   филология ғылымдарының  докторы, профессор Д. Ысқақовтың жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғады. 2011 жылы «Әдебиеттану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2007 жылы әл-Фараби атыдағы  Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының қазақ тілі мамандығы бойынша толық курсын тыңдап, міндетті оқу және ғылыми жұмыстарын толық орындағаны үшін куәлік берілді.

2007 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде  біліктілікті көтеру және педагогтық кадрларды қайта даярлау институтының жанындағы қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі мамандығы бойынша қазақ тілін оқытудағы қазіргі тәсілдер курсы аясында біліктілігін көтерді.

Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды педагогикалық университеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасында бастады. Аталған оқу орнында 1994-1996 жылдары, 1996-2008 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қызмет етті. 2008 жылдан бастап Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Халықаралық конференциялар және Республикалық ғылыми басылымдарда , Thomson Reuters, Scopus халықаралық базаларына кіретін, импакт-факторлы журналдарда 40-тан астам мақаласы жарық көрді,  2 монографияның бірнеше оқу-әдістемелік кешеннің, ЭОҚ — ның авторы.

Ғылыми-инновациялық жобалар аясында ф. ғ .к доцент Қ.С. Қалыбекованың жетекшілігімен «Әдеби өмір және сын» атты ғылыми зерттеу жұмыстары  жүргізілуде.

2015 жылы   «ЖОО-ғы ең үздік оқытушы 2014» атағын  жеңіп алды және грант иеленді.

Қаламқас Сағындыққызы Қалыбекова қызмет еткен жылдары мынадай марапаттармен, дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды:

  • 2009 жылы өткізілген ІІ облыстық медиа-сабақтар фестивалінде І дәрежелі дипломмен;
  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – достық пен келісім тірегі» атты облыстық фестивалді өткізуге белсене ат салысқаны үшін;
  • Қазақстан халқы тілдері  мен мәдениетін өркендеті, жастарға патриоттық тәрбие беру ісіне қосқан үлесі үшін Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасы бастығы И.Ю. Любарскаяның алғыс хатымен марапатталды;
  • 2010 жылы Жастарға патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өзге ұлт өкілдерінің арасында өткен «Қыз сыны» аймақтық сайысына ат салысқаны үшін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры Е.Қ. Көбеевтің алғыс хатымен;
  • «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Қарағанды облыстық филиалы «Жаңғырық» интеллектуалдық телеойынға қатысып,  мемлекеттік тілді насихаттауға ат салысқаны үшін  директоры Б. Дүйсетаевтың  дипломымен марапатталды;
  • 2001 ж. Ішкі әскердің мемлекеттік тіл мамандарының оқу-әдістемелік жиынына белсене қатысып, әскери ортада ана тіліміздің мәртебесін арттыруда кәсіби маман ретінде қосқан үлесі үшін ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Р.Жақсылықовтың алғыс хатымен;
  • Қарағанды «Болашақ» университетінде өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты конкурста белсенділік танытқаны үшін  ректор  Н. О. Дулатбековтың алғыс қағазымен марапатталды;
  • Қарағанды «Болашақ» университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі» атты дөңгелек үстелге белсене қатысқаны үшін ректор  Н.О. Дулатбековтың алғыс хатымен марапатталды;
  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен оқытудың сапалы әдістемесін дамыту мақсатында «Туған тілім – тірегім» атты дөңгелек үстелге қатысып, іс-тәжірибесімен бөліскені  үшін  ҚарМУ филология факультетінің деканы М.І. Әбдуовтың алғыс хатымен марапатталды;
  • ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Қарағанды құрамасы әскери бөлімдерінің мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандармен өткізілген семинарға ат салысқаны үшін ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Қарағанды құрамасы командирі Р.Көшербаевтың  алғыс хатымен марапатталды.
  • 2008 ж. мемлекеттік қызметкерлерге жеделдете деңгейлеп  оқыту стандарты типтік бағдарламасы негізінде мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқу-әдістемелік семинарына қатысып, толық курсты тыңдағаны үшін сертификат берілді. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы             Б.М. Мұсабеков.
  • Қарағанды қаласының мектеп оқушылары арасында «Айтыс» байқауын ұйымдастырғаны үшін ҚарМТУ ректоры А.М. Ғазалиевтің алғыс хатымен;
  • Қарағанды облысы мектеп оқушылары арасында интернет-олимпиаданы ұйымдастырғаны үшін ҚарМТУ ректоры А.М. Ғазалиевтің алғыс хатымен және тағы басқалар.
  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын насихаттау ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Қыз сыны» аймақтық сайысына университет атынан жүлдегер дайындағаны үшін ҚарМТУ тәрбие ісі бойынша проректоры О.В. Бакбардинаның алғыс хатымен марапатталды.;
  • 2011 ж. «Қазақстан-2030» бағдарламасының негізгі факторы – ғылым мен білім    беру» атты  халықаралық ғылыми конференциясына белсене ат салысқаны үшін ҚарМТУ ректоры А.М. Ғазалиевтің алғыс хатымен марапатталды.

ҚАЛЫБЕКОВА  ҚАЛАМҚАС САҒЫНДЫҚҚЫЗЫНЫҢ 2009-2013 жж. ішіндегі ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің ТІЗІМІ

Без рубрики