Өзін-өзі басқару неден басталады?


Жас азаматтардың қоғамдық мәселелерді талқылауға қатысуы және жастар арасында жергілікті атқарушы органдарының беделін көтеру үшін жағдай жасау мақсатында қала әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы «Ради будущего» ҚБ-мен бірлесе отыра «Жастардың өзін-өзі басқару күні» қалалық акциясының іріктеу кезеңін «Өзін-өзі басқару неден басталады?» тақырыбы бойынша эссе жазу, 2016 жылдың 8-ші қарашасында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өткізді.

Аталмыш акцияға Қарағанды қаласының жоғарғы оқу орындары, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің студенттері және жалпы орта білім беретін мекемелерінің оқушылары арасында өткізілді. Жалпы қатысушылар санын 63 адам құрады.

1 2 3 4

Без рубрики