«Жаңа материалдар» ғылыми-зерттеу институты


«Зерттеу университетін құру жөніндегі іс-шаралар туралы» 03.11.2010 ж. № 821 бұйрыққа сәйкес «Жаңа материалдар» ҒЗИ құрылымдық бөлімшесі құрылды.

ҒЗИ-да ҚР БҒМ Ғылым комитетінің тақырыптары бойынша мемлекеттік бюджеттік жобалар, «Mining Research Group» ЖШС-мен шаруашылық келісімшарттары және бастамашыл жобалар іске асырылуда. «ЖМ» ҒЗИ базасында студенттердің дипломдық, магистрлік және докторлық диссертациялар жұмыстары орындалады. Институт «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы туралы келісім аясында «Томск мемлекеттік университеті» ҒИ (Томск қ., Ресей), «Томск политехникалық университеті» ҒИ (Томск қ., Ресей), «Тюмень мемлекеттік университеті» ЖКБФМА БМ (Тюмень қ., Ресей), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қарағанды ​​облысының агроөнеркәсіптік кешендерінің және шаруа қожалықтарының басшыларымен және жетекші мамандарымен алдағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері бойынша тығыз байланыста жұмыс жасайды. Scopus, WoS шетелдік базаларына кіретін рейтингтік журналдарда бірлескен жарияланымдар жарияланды. «Жаңа биологиялық белсенді заттарды іздеу мақсатында өсімдіктерден табиғи тритерпеноидтарды бөлу және оларды химиялық трансформациялау әдістерін әзірлеу» (ғ.ж. — Такибаева А.Т.), «Бактерияға қарсы, қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсері бар табиғи заттар негізінде азол қосылыстарын синтездеудің тиімді әдістерін әзірлеу» (ғ.ж. — Рахимберлинова Ж.Б.) ҒЗЖ тақырыптары бойынша шетелдік серіктестермен бірлесіп жұмыс жасалынады. Мемлекеттік бюджет тақырыптарының орындалуы бойынша Scopus, WoS шетелдік деректер базаларына енгізілген рейтингтік журналдарда бірлескен жарияланымдар жарияланды.

Ғылыми-зерттеу институтының базасында сутегі энергиясы үшін жоғары температуралы протон өткізгіштерді жасау, кокс, мұнай өңдеу зауыттары, ауыл шаруашылығы қалдықтарын өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

ХжХТ кафедрасының профессоры Ибраев М.К., «Фитохимия ХҒӨХ» АҚ жетекші маманы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Тулеуов Б. И., «Академик Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ доценті Касенов Р. З. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының магистрантының магистрлік диссертация тақырыбын талқылау

«Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламасы студенттерінің планетарлық ұсақ ұнтақтау диірменімен жұмыс процесі

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттардың магистрлік диссертациясын орындауы

ҚР БҒМ шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында ХжХТ кафедрасына «Тюмень мемлекеттік университеті» ЖКБФМА БМ (ТюмМУ, Тюмень қ., Ресей), Химия институтының «Органикалық және экологиялық химия» кафедрасының профессоры, х.ғ.д. Кулаков Иван Вячеславович келді. Профессор Кулаков И.В. «Жаңа биологиялық белсенді заттарды іздеу мақсатында өсімдіктерден табиғи тритерпеноидтарды бөлу және оларды химиялық трансформациялау әдістерін әзірлеу» гранттық жобсаының жұмыс жоспарына сәйкес өсімдік шикізаты – қайын қабығының бетулинді алу бөліп алу, қайта кристаллдау әдісімен тазарту, сондай-ақ бетулинді фосфорлеу өніміне синтез жүргізу тәсілдері бойынша мастер-класс өткізді.

Профессор Кулаков И.В. ХжХТ кафедрасының қызметкерлеріне химиялық бағыт бойынша ChemBioDraw, ACDLABS бағдарламалар пакеті (ChemSketch, SpecManager, Name) және ЯМР спектрлерінің және массалық спектрлердің түпнұсқа файлдарды талдау және кеңейту үшін Xcalibur сияқты стандартты бағдарламаларды қолдану және пайдалану бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. «Reaxys» деректер базасында органикалық қосылыстардың құрылымдары мен алу әдістерін іздеудің негізгі ережелері мен принциптері көрсетілген.

ХжХТ кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлерінің «Фитохимия ХҒӨХ» АҚ жетекші маманы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Тулеуов Б. И. «Жаңа материалдар» ҒЗИ базасында жүргізілетін кандидаттық диссертациялардың тақырыптарын талқылау мәселесі бойынша кездесу

Без рубрики