Жыл сайын сәуір айының бірінші жексенбісінде жер қойнауын жетік меңгерген мамандардың төл мерекесі – Геологтар күні атап өтіледі. Биыл, 2026 жылы, бұл мереке 5 сәуірге сәйкес келіп отыр


Құрметті геолог-зерттеушілер, студенттер, докторанттар мен оқытушылар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Геология – ел дамуының негізін құрайтын маңызды сала. Сіздердің еңбектеріңіз табиғи байлықтарды игеруге, ғылыми жаңалықтар ашуға және экономиканың өркендеуіне зор үлес қосады.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Жаңа ашылымдар мен табысты зерттеулер көп болсын! Еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті бола берсін!

Геологтар күні құтты болсын!

Без рубрики