Жас ғалымдар кеңесі халықаралық басылымдарда жариялану белсенділігін арттыруға және сәтті жариялануға ұмтылатын барлық докторанттар мен жас зерттеушілерді STU Galymdar Talks лекциясына шақырады.
Лекция тақырыбы: «Жоғары рейтингті ғылыми журналдар әлеміндегі бағдарлау: таңдау және жариялау стратегиялары». Лекция барысында журналдарды таңдау практикалық алгоритмдері, рейтингтерді бағалау критерийлері (Q1-Q4), Scopus және Web of Science базаларымен жұмыс істеу жолдары қарастырылады. Сондай-ақ, журнал таңдауда жиі кездесетін қателіктер талқыланады. Арнайы назар жариялау стратегиясына және сенімсіз журналдармен ынтымақтастықтан аулақ болу шараларына аударылады.
Спикер ретінде техникалық ғылымдар кандидаты, PhD, «Геология және пайда қазбалар орынын барлау» кафедрасының доценті Алия Думанқызы Маусымбаева сөз сөйлейді. Лекция халықаралық журналдарда жариялануды жоспарлап отырған және академиялық көрсеткіштерін арттыруға ұмтылатындар үшін пайдалы.
