«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистратура»


«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистратура»

Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

ОЖБ оқу жылына мамандықтардың ТОЖ-ы мен магистранттардың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

ОЖБ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) айқындалады.

ОЖБ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады.

Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

2) ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);

3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);

4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы;

5) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;

6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығының болуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік, технологиялық жетістіктеріне сүйенуі;

4) ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану арқылы орындалуы;

5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

6) тиісті білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс.

Магистранттың эксперименталдық-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.

Бейіндік магистратурадағы эксперименталдық-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

2) ғылым мен техниканың, өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқарушылық міндеттердің өзіндік шешімдерін қамтуы;

3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименталды-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.

Ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өтілуіне қарай әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде ресімделеді.

МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады.

Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.

Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде магистрлік диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесінің болуы және ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.

Ғылыми және педагогикалық магистратура бiтiрушiлерінің негізгі құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:

1) түсінігі болуы керек:

— қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмнiң рөлі туралы;

— ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;

— жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы;

— жоғары мектеп оқытушысының кәсiби құзыреттілігі туралы;

— жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы түсінігі болуы керек.

2) білуі тиіс:

— ғылыми танымның әдiснамасын;

— ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын;

— оқыту процесінде студенттердің танымдық қызметінің психологиясын;

— білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын білуі тиіс.

3) жалпылай білуі тиіс:

— алған білімін ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн қолдана білуі;

— процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен әдістерін сын-көзбен талдай алуы;

— әртүрлі пәндер аясында алған білімін жаңа таныс емес жағдайларда зерттеу мәселелерін шешуде интеграциялауы;

— бiлiмді интеграциялау жолымен, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негiзiнде тұжырымдама жасап, шешiм қабылдай алуы;

— жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмін өз педагогикалық қызметiнде қолдана білуі;

— оқытудың интерактивті әдiстерін қолдана білуі;

— ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізуі;

— жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;

— ғылыми зерттеулер жүргізуге және ЖОО-да арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгеруі;

— диссертация, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс.

4) дағдысы болуы қажет:

— ғылыми-зерттеу әрекеттері, қалыпты ғылыми мәселерді шешу;

— кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;

— кәсiптік пәндердi оқыту әдiстемесі;

— білім беру процесінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

— кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

— шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан ресiмдеу;

— күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету дағдысының болуы қажет.

5) құзыретті болуы тиіс:

— ғылыми зерттеулердің әдіснамасы саласында;

— жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

— қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мәселелерде;

— кәсiтік салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

— бiлiмдi үнемі жаңартуды, кәсiптік дағды мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ету әдістерінде құзыретті болуы тиіс.

Без рубрики