Жоғары математика кафедрасының қызметкерлерінің тізімі


 

 

1 Тутанов Серікпай Кұспанұлы, каф. меңг., проф., т.ғ.д.
1969 жылы ҚазМУ «Математика» мамандығы бойынша бітірген. 1985 жылда кандидатураны, ал 2002 жылы докторлық диссертация қорғаған.  Тутанов С.К. көпжылдық шығармашылық қызметтері 200 – ден  аса  ғылыми еңбектермен, 3  монграфия, 5 оқулық және 9 авторлық куәландрулармен бейнеленген. Тутанов С.К. – Қазақстан Республикасының жоғарғы мектеп білімінің үздігі (1996), ҚарМТУ – дың еңбек сіңген қызметкері (2003), 2010 жылы Ы. Алтынсарин атындағы кеуде белгісіне ие болған «Жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы»  грантының иесі (2009).
Адилбек Нурсагат Адилбекович Әділбек Нұрсағат, проф., т.ғ.к.1962 жылы ҚР БҒМ бойынша ҚарПТИ – ның «Жоғары математика» кафедрасына жұмысқа жіберілді. Қазіргі уақытта жоғары математика кафедрасының профессоры, 50 – ден астам ғылыми жұмыстар мен оқу құралдарының авторы.
Абаева Нелла Фуатовна Абаева Нелла Фуатқызы, доцент, п.ғ.к.1997 жылы академик Е.А. Букетов атындағы ҚарМТУ  «Математика» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы кандидиттық диссертациясын қорғаған. 40 – тан астам ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторы. 2009 жылдан бастап ҚарМТУ – да оқытушы болып қызмет етеді.
Абдыгаликова Гульнар Ахмадиевна Әбдіғаликова Гүлнәр Ахмедиқызы, доцент, п.ғ.к.1976 жылы Ленинград мемлекеттік университетін математика – механика кафедрасының «Механика» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылда кандидаттық диссертация корғаған. 45 ғылыми – әдістемелік еңбектердің авторы. Қазіргі уақытта «Жоғары математика» кафедрасының  доценті болып жұмыс істейді.
Ахметов Кабиден Мукатаевич Ахметов Қабиден Мұқатайұлы, доцент, т.ғ.к.1975ж. ҚарПТИ кен инженер – механигі мамандығы бойынша бітірді. 1982 ж. бастап ҚарМТУ-де «Жоғары математика» кафедрасында жұмыс істейді, 1989ж. кандидаттық диссертация қорғаған соң аға оқытушы, қазір доцент болып істеп жүр.
Мустафина Лэззэтжан Мухаметжановна Мустафина Лэззэтжан Мухамеджанқызы, доцент, ф.-м.ғ.к.Қарағанды мемлекеттік университетінің, «математик, оқытушы» мамандығы бойынша бітіріп, ҚарМТУ-да жұмыс істейді. 1989ж кандидаттық диссертацияны қорғады. 50-тан аса ғылыми еңбектері мен оқу құралдарының авторы.
Роганкова Антонина Валерьяновна Роганкова Антонина Валерьянқызы, доцент, т.ғ.к.1959 ж. ҚарПИ-ге түсіп, 1964 ж. аяқтады. 1969ж. қазірге дейін ҚарМТУ-да жұмыс істейді. 1990ж. кандидаттық диссертациясын қорғады. 60-тан астам ғылыми еңбектері жарық көрді, 7 электрондық кітап дайындалып, сертификат алынды.
Шаихова Гульназира Сериковна Шаихова Гульназира Серікқызы, доцент, т.ғ.к.1993 жылы Қарағанды мемлекетік университетінің математикалық факультетін бітірген. 2002 жылдан  ҚарМТУ- дың жоғары математика кафедрасында оқытушы болып қызмет етіп келеді. 2012 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. 20 – дан астам ғылыми басылымдары жарыққа шыққан.
Агафонова Людмила Александровна Агафонова Людмила Александрқызы, аға оқытушы1970ж. ҚарПИ-ның физика-математика факультетін бітірді. 1976ж. ҚарМТУ-нің жоғары математика кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеп келеді. 6 электрондық кітапқа сертификат алынды.
Алимова Баян Шингисовна Әлімова Баян Шыңғысқызы, аға оқытушы1982 ж. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ–нің математика факультетін бітірді. 1991ж. бастап ҚарМТУ – тің жоғары математика кафедрасында жұмыс істейді. 6 ғылыми мақала, 2 оқу құралы, 3 әдістемелік нұсқауы баспадан шықты.
 
Касымова Лайла Жумажановна Қасымова Лейла Жұмажанқызы, аға оқытушы1990 ж. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың математика факультетін бітірген. 1990ж. бастап ҚарМТУ-дың «Жоғары математика» кафедрасында жұмыс істейді. Қазіргі кезде осы кафедраның аға оқытушысы. 7 ғылыми мақала, 6 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқауы басылып шықты.
Махметова Гульшахра Шугаевна Махметова Гульшахра Шугайқызы, аға оқытушы1982 ж. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математикалық факультетін бітірді. 2002ж. бастап ҚарМТУ-де оқытушы болып жұмыс істеп келеді. 9 ғылыми мақала, 2 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқауы, 1 ЭОҚ баспадан шықты.
Бекмагамбетова Эльмира Каиркеновна Бекмағамбетова Элмира Қаиркенқызы, оқытушы2011 жылы “6N0109-Математика” мамандығы бойынша магистратура бітірген. 2008 – 2011 жылдарда ДБОМ “Мұрагер” математика оқытушысы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап «Жоғары математика» кафедрасының оқытушысы болды. 3 ғылыми басылымдары бар.
Тулеутаева Жанар Мухатаевна Төлеутаева Жанар Мұқатайқызы, оқытушы
Без рубрики