Жоғарғы оқу орындары арасында өткізілген өз жоғары оқу орындарын ағылшын тілінде таныстыруға арналған универсиада


Ағылшын тілін меңгеру деңгейік көтеру мақсатында; талантты студенттерді аңғару үшін; ағылшын тілін оқытуда инновациялық әдістерді қолдану мен жарнамалау үшін 2013 жылдың 20-шы қарашасында «Жастар Әлемі» ғимаратында тілдік емес мамандықтардың студенттері арасында «Көп тілдік білім беру» жобасы аясында ағылшын тілінде өзі оқып отырған жоғарғы оқу орны туралы ақпарат арасында Универсиада өткізілді.

Универсиадада 6 команда жарысты: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Электрэнергетикасы» мамандығының студенттері, Қарағанды мемлекеттік университетінің келген тарих және экономикалық факультеттерінің 2 командаға жинақталған студенттері; медицина университетінің «Емдеу» мамандығының студенттері; Қазтұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері; «Болашақ» университетінің «Заң» факультетінің студенттері.

Универсиада көрсеткен өнерлері саралана келіп, жүлделі орындарға мына командалар ие болды: I орынды ҚарМТУ-дың студенттері иеленді. Бұл студенттердің дайындаған материалдары қатысушылар мен қазылар алқасының ойынаншығып, биік марапатқа ие болды;  II орынды Қазтұтынушылар Одағы Қарағанды экономикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері иеленді; III орынды Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономикалық факультетінің студенттері иеленді.

Осындай шаралар өткізу студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын тудырып, тілді меңгеруге жол ашады, әрі студенттердің өзара қарым — қатынас жасауына септігін тигізіп, университетімізде жүргізіліп жатқан оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін көтереді.

IMG_0943           IMG_0944           IMG_0963          IMG_0974

КарМУ студенттері                        Жюри                                         КарМА студенттері                 КарМТУ студенттері

Без рубрики