Жезқазған қаласының мектептері мен колледждерінде «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру туралы


2023 жылдың 12 ақпаны мен 15 ақпаны аралығында «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Ж.Г. Ибрайбеков пен М. А. Кинаятов Ұлытау облысының Жезқазған қаласының ОББМ мен колледждеріне барды.

Сапардың мақсаты — колледждер мен мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізу барысында 11 мектеппен (ЖОМ №10, 11, 13, 14, 15, 21, 22, 24, 26 гимназия, 133 және «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернат») және 3 колледждармен (Жезқазған политехникалық колледж, Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі, Жезқазған бизнес және көлік колледжі) білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық және әріптестік туралы шарттар жасалды.

Жезқазған қаласының мектептері мен колледждерінің түлектері Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ұсынылған білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытты. Оқушылар университетке түсетін талапкерлер базасына тіркелу үшін «Талапкермен кері байланыс» парағын толтырды.

Без рубрики