Жетесова Гульнара Сантаевна


ZHetesova1961 жылы дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі жоғары, техника ғылымдарының докторы, профессор.

1983 жылы «Машина жасау технологиясы, металл кескіш білдектер және құрал-саймандар» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын тамамдады. Институтты бітірген соң 1983-1994 жылдар аралығында ЖаңаҚарағандылық машина жасау зауытында бас технолог бөлімінде жұмыс жасады. 1994 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы күнге дейін ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандартизация» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқаруда. Жалпы еңбек өтілі — 31 жыл, педагогикалық қызметінің еңбек өтілі – 15 жыл.
Университеттегі жұмыс кезінде «Автоматика негіздері және өндіріс процесстерді автоматтандыру», «Механикалық құрастыру учаскелерін және цехтарын жобалау», «Кәсіпорындарды автоматтандырылған жобалау», «Өзара алмастыру негіздері» курстары бойынша дәрістік, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізді. Оқу, компьютерлік, өндірістік практикаларға басшылық етеді. «Автоматика негіздері және өндіріс процесстерді автоматтандыру», «Механикалық құрастыру учаскелерін және цехтарын жобалау», «Кәсіпорындарды автоматтандырылған жобалау», «Өзара алмастыру негіздері» курстары бойынша оқу құралдары мен электрондық оқулықтар жасалды. 1998 жылдың 10 қыркүйегінде техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 05.05.06 – Тау-кен машиналары мамандығы бойынша «Қуат тіректерінің сындарлы режимді параметрлерін зерттеу және таңдау» тақырыбында диссертация қорғады. 2000 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен «Машина жасау және машинатану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2006 жылдың қаңтарында техника ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 05.05.06 – Тау-кен машиналары мамандығы бойынша «Қуат тіректерінің беріктігін есептеудің әдістерін жетілдіру» тақырыбындағы диссертация қорғады.
Ол «Машина жасау» мамандығы және 30-дан аса түрлі оқу бағдарламалары бойынша бакалавриат және магистратураның 1, 2 және 3-ұрпақтарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуші болып табылады. Сапа менеджментін МС ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттарымен сәйкестігін тексеру бойынша оқу оқып, тиісті тағылымдама өтті, СМК ҚарМТУ құжаттамасының ішкі аудиторы мен нормоконтролеры болып табылады. 10 жоғары оқу орнының (Торайгыров
атындағы ПГУ , КазГЮА, ЖезУ, МГТУ, КРУ және т.б) және өндірістік кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйесін әзірлеушісі болып табылады. Д14.22.01 диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы, сонымен қатар «Машина жасау технологиясы» кафедрасының ғылыми зертханасының меңгерушісі болып табылады. ЖаңаҚарағанды машина жасау зауыты және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі жұмысы кезінде бірнеше рет алғыс грамоталарымен марапатталды.
2007 жылы « ЖОО-ның 2006 жылғы үздік оқытушысы» грантының иегері болды. ҚарМТУ мамандарды дайындау менеджмент сапасы комитетінің төрағасы, ғылыми кеңес және Д14.22.01 диссертациялық кеңесінің мүшесі, ғарыш технологиясы бойынша республикалық сарапшы кеңес мүшесі, сонымен қатар «CAD/CAM/САЕ технологияларын пайдаланып өндірістік процесстерді автоматтандыру» ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі болып табылады.
Жүргізілген ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты – машина жасау объекттерінің беріктігін есептеу теориясын жетілдіру. 140-тан астам баспа еңбектері, монографиялар, оқу құралдары және электрондық оқулықтар, негізгі ғылыми еңбектері мен жобалары бар.

Негізгі ғылыми еңбектер және жаратулар

Без рубрики