Жемісті сапар


2022 жылдың 20-28 маусым аралығында ХжХТ кафедрасының профессоры Ибраев М.К. және ХжХТ кафедрасының доценті Ж.Б. Рахимберлинова М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (ММУ) болды. Химия факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары х.ғ.д. И.А. Родинмен кездесу өтті.

Кездесу барысында пиразолондар, цитизин, анабазин және биогенді аминдер алкалоидтарының оксазолин туындылары, кванттық-химиялық есептеулер синтезі бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ММУ химия факультеті базасында білім алушылардың, ПОҚ академиялық ұтқырлығы, біліктілікті арттыру мәселелері келісілді.

ХжХТ кафедрасының профессоры, х.ғ.д. Ибраев ММУ-да азол қосылыстарын синтездеу және зерттеу бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді.

Сапар барлық жағынан өте жемісті және пайдалы болды.

Без рубрики