«Жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында ашық куратор сағаты


28.02.2023ж. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде К 9/22-1 тобының ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында ашық куратор сағаты өткізілді.

Студенттер түрлі-түсті шляпалар арқылы топқа бөлініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне деген көзқарастарын «Алты қалпақ» әдісі бойынша көрсетіп, шешу жолдарына тоқталды.

         Ақ (ақ бұлттар) тобы осы тақырыпқа байланысты деректер, цифрлар және мәліметтерді мысалға ала отырып, тақырыпқа жалпы түсінік берді.  Сары (күн) тобы ұсыныстар, мысалдар келтіре отырып, жемқорлықтың себептеріне тоқталды. Қара (тұман) тобы қазіргі кезде біздің елімізде сыбайлас жемқорлықтың етек алғанын алға тартып, мысалдар келтірді. Қызыл (от) тобы мәселені эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру арқылы  көрсетуге тырысты, көрініс көрсетті. Жасыл (дала) тобы жемқорлыққа қарсы күресте өздерінің идеяларын ұсынды. Көк (аспан) тобы мәселеге жалпы қорытынды жасады. Студенттер іс шараға өте белсенді түрде қатысып, өз ойларын еркін жеткізе отырып, тақырыпты презентациялар, көрнекті құралдар пайдалана отырып толық аша білді.

Кураторы Жақсыбаева С.Р.

Қамтылуы-30 адам

Без рубрики