Жеңімпаздарды құттықтаймыз!


Қарағанды техникалық университетінде 2021 жылдың 29 қыркүйегінде ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Н.Хуанганның төрағалығымен, төрағаның орынбасары т.ғ.д., профессор В.С. Портнов және конкурстық комиссия мүшелері О.М. Жаркевич, Б.Д. Сулеев, Н.Б. Қалиасқаров қатысуымен, Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарына арналған грантқа ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссияның отырысы өтті.

Байқаудың мақсаты ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ЖОО жас ғалымдарының ғылыми әлеуетін дамыту болып табылады.

Конкурстық комиссиямен 6 жоба тыңдалды. Ұсынылған құжаттарды бағалау «Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған грантына ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы ережесінің» 7.1. тармағының негізінде жүзеге асырылды. Бағалау қорытындысы, ұсынылған құжаттарды талдау және үміткерлерді тыңдау нәтижелері негізінде жүргізіліп анықталды.

Байқаудың жеңімпаздары:

 

Қожанов Мұрат Ғалиасқарұлы – университеттің ақпараттандыру басқармасының басшысы;

Бейсембаев Диас Мадатұлы – «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының оқытушысы;

Омарова Айдана Ержанқызы – «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының оқытушысы.

Без рубрики