6 мамырда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде жас ғалымдарға арналған «SAGINOV’S JAS ZERTTEÝSHILERI» грантына ғылыми жобалар конкурсы өтті. Конкурс Басқарма мүшесі — ғылым және инновациялар жөніндегі проректор А. Мехтиевтің, төрағаның орынбасары, т.ғ.д., профессор А. Исағұловтың, сондай-ақ конкурстық комиссия мүшелері: Б. Сүлеевтің, О. Жаркевичтің және Р. Әзілхановтың басшылығымен өткізілді.
Конкурстың мақсаты жоғары оқу орнының жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ғылыми әлеуетін дамыту болды.
Конкурстық комиссия 10 жобаны тыңдады, ұсынылған құжаттарды бағалау «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «SAGINOV’S JAS ZERTTEÝSHILERI» жас ғалымдарға арналған грантына ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы ереженің» 7.1-тармағының негізінде жүзеге асырылды. Ұсынылған құжаттар мен үміткерлерді тыңдау нәтижелерін талдау негізінде бағалау жүргізілді және нәтижелер анықталды.
Конкурс жеңімпаздары аталғандар:
- Аяулым Әнуарова — PhD, «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, СҚФ;
- Еділ Иманов – т.ғ.м., «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасыныңмеңгерушісі, СҚФ;
- Аскар Хамзе — т.ғ.м., «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының ассистенті, ГФ;
- Азат Әбдин — т.ғ.м., «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының оқытушысы, АТФ;
- Айнель Есендосова – PhD, «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының аға оқытушысы, ГФ;
- Марғұлан Нұртай – т.ғ.м., «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының оқытушысы, АТФ;
- Раульев Нурлыхан — т.ғ.м., «Байланыс жүйелерінің технологиялары» кафедрасының ассистенті, ЭАТФ.
Қатысушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға грант алуларымен құттықтаймыз!