27 қараша 2016ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Акт залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жемқорлықты алдын алу Департамент басқармасының бас маманы А.М. Қарғабайдың магистранттармен, студенттермен және ПОҚ ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Магистранттарға, студенттерге және ПОҚ тәрбие ісі жөніндегі проректор Н.А. Алпысбаева алғы сөз сөйледі. Басты мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау.
Тыңдаушыларға жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді, онда жемқорлықтың қоғамға көрсеткен көрнекілік түрлері және жемқорлық құқық бұзушылық үшін қандай салдары болатыны баяндалады.