«Жастар және дін» тақырыбында республикалық ақпараттық түсіндіру тобының өкілдерімен кездесу


Бірінші курс апталығы аясында студенттер «Жастар және дін» тақырыбында республикалық ақпараттық түсіндіру тобының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қонақтар жастарға деструктивті діни ағымдар қатарына тарту әдістері мен тәсілдерін айқындап, өзін және жақындарын бұл ағымдардың қармағына түсуден қалай қорғану керектігі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кездесу соңында спикерлер студенттерді сыни ойлау дағдыларын дамытуға, кез келген ақпаратты талдауға және оның дұрыстығын тексеруге шақырды.

Без рубрики