Жастар саясаты департаменті бірінші курс студенттерімен бірқатар кездесу


Бірінші курс студенттер апталығы аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Жастар саясаты департаменті бірінші курс студенттерімен бірқатар кездесулер өткізді. Қызметкерлер бірінші курс студенттерін университетте жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарымен, «Ұлтқа қызмет» жаңа білім беру курсының енгізілуі, шығармашылық үйірмелердің, спорт секцияларының жұмысы, ЖОО-дағы мінез-құлық және жатақханаларда тұру ережелері туралы таныстырды, студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Сондай-ақ студенттер алдында «Жар Орда» ЖА өкілдері сөз сөйлеп, университеттегі студенттік өзін-өзі басқару қызметі туралы айтып берді. Университет студенттері «Жас Орда» желісі бойынша өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға ниет білдірді.

Без рубрики