«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің инновациялық дамуы»


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің инновациялық дамуы» атты ғылыми-сараптамалық кездесу өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды түбегейлі цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – жасанды интеллект пен цифрландыру технологияларын Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне енгізу перспективаларын талқылау, сондай-ақ ғылым, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту.

Іс-шараны Қарағанды облысы әкімінің аппараты мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті бірлесе ұйымдастырды.

Ғылыми-сараптамалық кездесуге Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев, облыстық басқармалар басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, өндірістік кәсіпорын өкілдері, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерден құралған 200-ден астам қатысушы қатысты.

Іс-шара аясында университеттің ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылып, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жаңа жобалар таныстырылды.

Іс-шара соңында университеттің ғылым саласына үлес қосып жүрген ЖОО-ның бірқатар ғалымдары Қарағанды облысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Кездесу қорытындысы бойынша университеттер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Бұл ұсыныстар инновациялық өсуді жеделтетуге және өңдеу өнеркәсібін цифрландыруға серпін беруге бағытталған.

Без рубрики