Жарқын із


Адамның адамдық қасиеті сыни жағдайларда барынша айқын көрінеді. Ойлануға уақыт жоқ және секундтың бір бөлігінде әрекет етуді қажет ететін сәттер болады. Осындайда ата-анасының, мектебінің, қоршаған ортасының ықпалы толық көрінеді.

2022 жылғы қаңтар айының басындағы Қазақстан үшін мазасыз күндерде өз өмірін құрбан етіп өзімен бірге қоршауда тұрған әріптестерін аман алып қалғанда Мадияр Қайсаровтың не ойлағанын біз білмейміз. Қалың жұрттың қолына түскен жүк көлігі тура соларға қарай беттегенде, егер Мадияр тез қимылдап, жігіттерді итеріп үлгермегенде, тағы да қанша ана ұлдарын жоқтайтыны белгісіз еді. Өкінішке орай, өзінің аман қалуына мүмкіндігі болмады.

2022 жылдың 20 мамырында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжінде колледж түлегі, ұлттық ұлан Батыры Мадияр Қайсаровты еске алуға арналған мемориалдық стенд ашылды. Ерлігі патриотизм мен борышқа деген адалдықтың жарқын үлгісі бола алатын ұлды тәрбиелеп, өсіргені үшін мемориалдық стендтің ашылу салтанатында сөз сөйлегендер Мадиярдың ата-анасына шексіз ризашылықтарын білдірді.

Бұрын бір топта оқыған досы Владимир Коппе Мадияр туралы және онымен бірге оқыған жылдар туралы естеліктерімен бөлісе отырып, оның естелігі тек оны танитын адамдардың ғана емес, істеген ісін бағалай білетін әрбір адамның жүрегінде сақталатынына сенім білдірді.

205 аудиторияда орнатылған стендте  Мадиярдың үлкен портреті, студенттік билеті және сынақ кітапшасы, қайтыс болғаннан кейін ұсынылған марапаттары тұр. Мадияр өте қысқа ғұмыр кешті, бірақ артында жарқын із қалдырды. Бұл қазіргі буынның аға ұрпақ дәстүрлерін лайықты түрде жалғастырып, көбейте алатындығының тағы бір дәлелі.

18-20 мамыр аралығында әр түрлі спорт түрлері бойынша колледж оқушыларының спартакиадасы Мадияр Қайсаровты еске алуға арналды. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, оған университет әкімшілігінің өкілдері, сондай–ақ құрметті қонақтар — Мадиярдың әкесі Оразалы Бейспеков, Мадияр оқыған Жақып Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің өкілдері қатысты.

Без рубрики